РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 1196 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 тамызда № 3463 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 69 "Семей таңы", 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 69 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.
4. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |