Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 43/20-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 сәуірде № 4478 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 45/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 21.07.2020 № 45/4-VI шешімімен (04.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 - тарауының 15) тармақшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің ұсынылған қосымша тәртібі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. ЗАМЯТИН
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

  Қосымша Риддер
қалалық мәслихатының
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 43/20-V шешімі

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай - ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Риддер қаласы
      1) Риддер қаласы, Гагарин даңғылы, 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан "Сокол" стадионы;
      2) Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, № 5 үй ауданы мекенжайы бойынша орналасқан Тойшыбаев атындағы гүлбақ;
      3) Риддер қаласы, Буровая көшесі, № 6 үй ауданы мекенжайы бойынша орналасқан гүлбақ.
      3. Шерулер мен демонстрациялар өткізу орындарына маршруттар: Риддер қаласы
      1) Риддер қаласы, Гагарин даңғылы, № 15 үй ауданы мекенжайы бойынша орналасқан Даңқ саябағынан Риддер қаласы, Гагарин даңғылы, 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан "Сокол" стадионына дейін.
      4. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым нысандарының үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Риддер қаласының жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген түрде араласуына;
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео); сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
      8. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу нысанының жанында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
      9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг, жиналыс, шеруге Риддер қаласы жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң нысандарында, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      11. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Риддер қаласының жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс. 
      12. Риддер қаласының жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады