Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 139 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 4541 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 176 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 21.04.2021 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымша бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру , білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Кисамиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Бесқарағай ауданының әкімі Н. Тоқсеитов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Бесқарағай аудандық
      мәслихат хатшысы
      ____________ К. Садыков

      2016 жылғы "_12_" __сәуір__

  Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң
2016 жылғы " 12 " сәуір
№ 139 қаулысына қосымша

Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші, күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, диета бойынша медбике, психолог, нұсқаушы, музыкалық жетекші, тәрбиеші, медбике, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтiк қызметкер.
      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі: мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшының орынбасары, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, әдістемелік кабинет меңгерушісі, барлық мамандықтағы мұғалімдер, педагог-психолог, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, қосымша білім беру педагогы, педагог-ұйымдастырушы, өндірістік оқыту шебері, әлеуметтік педагог, мұғалім-дефектолог, еңбектерапиясы жөніндегі нұсқаушы, зертханашы, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, кітапханашы, медбике, әдіскер, қосымша білім беру ұйымының басшысы.
      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, әдіскер, әртіс, мәдени ұйымдастырушы, кітапхана директоры, кітапханашы, хореограф, операторлар : дыбыс, бейне, балетмейстер, костюм беуші, музыка жетекшісі.
      4. Дене шынықтыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбасары, жаттықтырушы.
      5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:
      басшы, ветеринарлық пункт меңгерушісі, ветеринар дәрігері, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық санитар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады