Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 30/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 шілдедегі № 4/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 4619 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 43/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 25.10.2019 № 43/7-VI (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" № 319 бұйрығына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 30/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3696 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2015 жылғы 7 наурыздағы № 20 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасында:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.";
      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін, жергілікті атқарушы орган көрсетеді.";
      5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш бере алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9- тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. ЕЛЕМЕСОВ
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. САДЫҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады