РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 166 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Мойылды учаскесінің "Мукинов" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың сақау ауруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Марзатаева |