Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде № 4460 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 16.04.2018 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Аргумбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г.Акулов
      Келісілді:
      Бородулиха аудандық
      мәслихатының хатшысы У.Майжанов
      2016 жыл "29" ақпан

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "29" ақпан № 37
қаулысына № 1 қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры;
      2) бөлімше меңгерушісі;
      3) мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, әдіскер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі;
      2) педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, шебер, нұсқаушы, аға тәлімгер, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог – психолог.
      3) мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.
      3. Мәдениет, спорт мамандарының лауазымдары:
      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары, меңгеруші;
      2) мәдениет, спорт мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени-ұйымдастырушы, мұғалім, музыкалық басшы, үйірме басшысы, әдіскер, хореограф, дыбыс жазу операторы, жаттықтырушы-мұғалім.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады