Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 24/215-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 маусымдағы N 4/30-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 маусымда N 4582 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 25/218-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 12.09.2018 № 25/218-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 24/215-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3644 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Қалба тынысы" № 9 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабынның 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасында:
      1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтайды.";
      5 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, немесе сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Шаяхметов
      Жарма аудандық
      мәслихат хатшысы А.Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады