Күршім ауданы Күршім, Маркакөл ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 7/9-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4859 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 17/8-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 17/8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2017 № 9/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданы Күршім, Теректі ауылдарының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Қумарова
      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы М. Сағанақов

  Күршім аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 7/9-VI шешіміне 1 қосымша

Күршім ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 1 қосымша өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2017 № 9/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аймақ № Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1,2

Күршім ауылының орталық бөлігі, шекаралық аймағы оңтүстікте Шәкәрім көшесімен, шығыста Білімбаев Нағымбек Қабдуалиұлы көшесімен, солтүстікте Барак батыр көшесімен, батыста әскери бөлімнің аумағымен шекараласады, одан ары "Қойлюбай" шаруа қожалығымен, одан ары Қойлыбай Аңғышбаев көшесінен Шәкәрім көшесіне дейін

II

1

Ауылдың солтүстік аймағының бөлігі, Күршім өзенінің сол жағалауына жатады

III

0,8

Күршім ауылының құрылыс салынған батыс және оңтүстік шеті

IV

1

Ауылдың шығыс аймағының бөлігі әскери бөлімнің шекарасынан кейін

V

0,6

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, мәдени- тұрмыстық мақсаттағы инженерлік инфрақұрылым объектілері жоқ жерлер

  Күршім аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 7/9-VI шешіміне 2 қосымша

Марқакөл ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2017 № 9/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аймақ № Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1

Марқакөл ауылының орта бөлігі. Аймақтың оңтүстік-батыс жағы Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойымен оңтүстіктегі Пограничная бұрылысынан солтүстік-батыстағы арыққа дейін шекара өтеді. Одан әрі арықтын сол жақ жағалауының солтүстік-шығысынан арықтың оңтүстік-шығысына қарай және арықтың бойымен оңтүстік-шығысқа қарай бұрылысқа дейін, монша-кір жуатын комбинаттын солтүстікке қарай өтіп, Акжон өзеніне дейін. Солтүстік-шығысынан шекара Акжон өзенінің оң жақ жағалауынан оңтүстіктегі бұрылысқа дейін өтеді Акжон өзенінің бойынан шекара Пограничная бұрылысының солтүстік жағымен Орта Теректі өзеніне дейін барады

II

0,9

Марқакөл ауылының батыс аймағының бөлігі, Орта Теректі өзенінің сол жақ жағалауы бойында Абылайхан көшесінің оңтүстігі

III

0,9

Марқакөл ауылының шығыс аймағының бөлігі, Акжон өзенінің сол жақ жағалауының бойы

IV

0,72

Марқакөл ауылының оңтүстік аймағының бөлігі, Пограничный бұрылысынан оңтүстікке қарай орналасқан

V

0,7

Марқакөл ауылының солтүстік және солтүстік-батысы, Абылайхан көшесінен солтүстікке қарай орналасқан, Орта Теректы өзенінен оң жақ жағалауы және № 1 шекаралық аймағының жоғары рельефінің солтүстік-батысы

VI

0,6

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, мәдени- тұрмыстық мақсаттағы инженерлік инфрақұрылым объектілері жоқ жерлер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады