Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы N 45-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда N 4449 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 48-5/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Садыков
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Беспаев

  Көкпекті
аудандық мәслихатының
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 45-2 шешімімен бекітілген

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңы. Самар ауылында мәдениет үйінің алаңы.
      3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Абай көшесінің Жеңіс саябағынан бастап Абылайхан көшесінің қиылысынан өтіп Астана көшесіне дейін. Самар ауылында Самар ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратынан Букетов көшесі бойынша Самарға 100 жыл көшесінің қиылысынан Асламов көшесінен дейін.
      4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Ауданның жергiлiктi атқарушы органмен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
      8) алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
      8. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
      9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру ауданның жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      11. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.
      12. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады