Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қазандағы № 7-3/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қарашада № 4735 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 15.04.2022 № 16-5/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды оқу жылы ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 45-6/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
      2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған айдан бастап тағайындалады;
      5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Көкпекті
      аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады