РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 703 ұсынысы негізінде Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң "Қызыл-жұлдыз" елді мекенінде ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзу белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмі | Д. Оразбаев |