"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 34 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 наурызда № 4280 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2016 № 341 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Т. Қонысбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Т. Төреғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2016 жылғы 9 ақпандағы № 34
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, № 201 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын стратегиялық жоспарлау және қалыптастыру, облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын стратегиялық жоспарлау және қалыптастыру;
      2) облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру.
      16. Функциялары:
      1) облыс аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу, түзету және іске асырылуына мониторинг жүргізу;
      2) аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және түзету кезінде келісу;
      3) аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу саласында әдістемелік қамтамасыз ету;
      4) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      5) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау және мониторинг жүргізу;
      6) үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын әзірлеу;
      7) аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке кірістерді болжау;
      8) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерін болжау;
      9) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар әзірлеу;
      10) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;
      11) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат сессиясының шешімін іске асыру жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      12) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
      13) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
      14) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындыларын қарау және әзірлеу;
      15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
      16) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;
      17) ауылдық жерлердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды үйлестіру және мониторинг жүргізу;
      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптамаға жіберу;
      19) жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындау;
      20) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде конкурстық құжаттама бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
      21) бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту;
      4) облыстың жергілікті атқарушы органына бюджеттік инвестицияларды тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады