Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 23 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 4287 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Ғ. Қуаншалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Т. Төреғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Автомобиль
жолдары комитетінің төрағасы
__________ М. Пішембаев
2016 жылғы 5 ақпан

  2016 жылғы 26 қаңтардағы № 23
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық
маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері

  №  

Автомобиль
жолдарының
индекстері

Автомобиль жолдарының атаулары

1

КL-1

Федоровка-Ақсай, 0-82 км

2

КL-2

Ақсай-Шыңғырлау, 0-86 км

3

КL-3

Шыңғырлау-Лубен-Лебедевка, 0-104 км

4

КL-4

Приуральный-Ақсай, 0-35 км

5

КL-5

Бөрлі-Ақсай-Жымпиты, 0-159 км

6

КL-6

Жымпиты-Қаратөбе, 0-103 км

7

КL-7

Барбастау-Ақжайық-Индербор (Атырау облысы), 0-307 км

8

КL-8

Чапаев-Жаңақала-Сайқын, 0-337 км

9

КL-9

Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, 0-157 км

10

КL-10

Үлкен Шаған-Переметное, 0-42 км

11

КL-11

Орал-Кирсанов, 1-83 км

12

КL-12

М 32-Аңқаты-Сарыөмір, 0-64 км

13

КL-13

РФ шекарасы-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу, 6-170 км

14

КL-14

Әуежайға кірме жол, 0-2 км

15

КL-15

Орал қаласындағы мұнай базасына кірме жол, 0-7,05км

16

КL-16

313, 332 жол айрығына кірме жол, 0-1 км

17

КL-17

Балық комбинатына кірме жол, 0-2 км

18

КL-18

Орал қаласы-2 станциясына кірме жол, 0-1 км

19

КL-19

Деркөл ауылынан Орал-Тасқала-РФ шекарасы автомобиль жолының қиылысына дейінгі автожол, 0-7,8 км

20

КL-20

Ветелки ауылына кірме жол, 0-15 км

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      км – километр;
      РФ – Ресей Федерациясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады