Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2017 № 114 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13761 болып тіркелген) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормалары бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |
2016 жылғы 7 шілдедегі № 204 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормалары
№ р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі | Өлшем бірлігі | Бір бірліктің құнын арзандату пайызы | Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
Отандық өндіріс тыңайтқыштары | ||||
1 | Аммофос (N-10%: P2О5-46%) | тонна | 50 | 62500 |
2 | Аммиак селитрасы (N-34,4%) | тонна | 50 | 34000 |
3 | Күкіртқышқылды калий (калий сульфаты К2О-50%) | тонна | 50 | 140000 |
4 | Хлорлы калий (К2О-42%; KCl-65%) | тонна | 50 | 105000 |
5 |
Супрефос-NS азот-күкіртқұрамды (N-12%. | тонна | 50 | 64000 |
6 | Суперфосфат (P- 19%) | тонна | 50 | 32500 |
7 | Жай суперфосфат (P-15%:K2O-2%) | тонна | 50 | 21281 |
8 | Kristalon Spesial 18-18-18 | тонна | 50 | 355500 |
9 | Kristalon Yellow 13-40-13 | тонна | 50 | 398000 |
Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары | ||||
10 | Карбамид (N-46,3%) | тонна | 30 | 36000 |
11 | Аммоний сульфаты (N-21%) | тонна | 30 | 28500 |
12 | А маркалы арнайы суда еритін моноаммонийфосфат (N-12%-.P2О5-61%) | тонна | 30 | 114000 |
13 | 15:15:15 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш | тонна | 30 | 48000 |
14 | NPК 16:16:16 маркалы нитроаммофоска | тонна | 30 | 54000 |
15 | 10:26:26 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш | тонна | 30 | 54000 |
16 | Сұйық азотты тыңайтқыштар (КАС) (N-27-33%) | тонна | 30 | 25500 |
17 | Аммиак селитрасы (N-34,4%) | тонна | 30 | 20400 |
18 | Yara Vita Bortrac Mono сұйық | литр | 30 | 462,6 |
19 | Изагри-М, Форс Рост маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 525 |
20 | Изагри-К, Форс питание марка минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 525 |
21 | Изагри-К, Вита маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 540 |
22 | Изагри-М, Бор маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 412,5 |
23 | Изагри-К, Мыс маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 435 |
24 | Изагри-К, Мырыш маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 322,5 |
25 | Изагри-К, Фосфор маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 292,5 |
26 | Изагри-К, Азот маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 292,5 |
27 | Изагри-К, Калий маркасы минералды тыңайтқышы | литр | 30 | 262,5 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
N-азот;
P-фосфор;
S-күкірт;
К-калий;
О-оттегі;
Cl-хлор;
Mg-магний;
Сa-кальций.