РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 123 "Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3861 тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 14 (7081) "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Абуғалиев |
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша |
Ақжайық ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атаулары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Айына 1 балаға (теңге) мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы мөлшері | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққандағы бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айға арналған ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Балабақша (жергілікті бюджет) | |||||
Чапаев ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Ақбота" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 80 | 38511 | 38511 | 5500 |
Чапаев ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 140 | 30450 | 30450 | 5500 |
Тайпақ ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Балбұлақ" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 32260 | 32260 | 5500 |
Тайпақ ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 100 | 32809 | 32809 | 5500 |
Мерген ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Балбөбек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 37705 | 37705 | 5500 |
Ілбішін ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Еркемай" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 29981 | 29981 | 5500 |
Базаршолан ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 41238 | 41238 | 5500 |
Алғабас ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Балғыншақ" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 38593 | 38593 | 5500 |
Балабақша (республикалық бюджет) | |||||
Қарауылтөбе ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Нұрбақыт" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 19277 | 19277 | 5500 |
Мектеп жанындағы Толықкүнді шағын орталық (жергілікті бюджет) | |||||
Алмалы ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 11153 | 11153 | 5000 |
Ақсуат ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "С. Ошанов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 40 | 12704 | 12704 | 5000 |
Жаңабұлақ ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 11857 | 11857 | 5000 |
Чапаев ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "№ 1 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14697 | 14697 | 5000 |
Первомай ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 20300 | 20300 | 5000 |
Бударин ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Бударин орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 27576 | 27576 | 5000 |
Жұбан Молдағалиев ауылы | Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Талап орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 27643 | 27643 | 5000 |