Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 3-6 "Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 4-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 тамызда № 4531 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 44-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 44-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Зеленов аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 3-6 "Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4453 тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Зеленов аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Зеленов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2-3 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:";
      үшінші абзац орыс тілінде өзгертіледі, мемлекеттік тілде мәтіні өзгертілмейді.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Хайруллин
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады