Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 4-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 тамызда № 4510 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қаулыларына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3386 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қаулыларына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қаулыларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Тасқала аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
      8) тармақша алып тасталсын;
      14), 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      15) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 3000 теңге мөлшерінде, соның ішіндегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 АЕК мөлшерінде;
      2) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АЕК-ның 50 пайызы мөлшерінде көрсетіледі.";
      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;";
      12-1, 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-1. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей мемлекеттік корпорацияның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ауданның ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.";
      14-1, 14-2, 14-3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-1. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
      Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген жағдайда уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      1) ШАК алу негіздемесі;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;
      3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді.
      14-2. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
      4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
      5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
      14-3. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және Өрлеу жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
      Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.";
      14-5, 14-6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-5. Уәкілетті орган:
      1) ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін
      айқындайды;
      2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағидалардың 14-6-тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
      Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей олармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады және әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді;
      3) әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес жеке жоспарды әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу үшін шақырады;
      4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу күні нысанын орталық атқарушы орган бекітетін тағайындау (ШАК тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
      14-6. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу мынадай жағдайларда:
      1) стационарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде) кезеңіне;
      2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.";
      24-тармақ алып тасталсын;
      24-1-тармақ мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады;
      2) облыстарда белгіленген кедейлік шегі мен ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен.
      Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінбеген жағдайда ШАК толықтай жергілікті бюджеттен төленеді.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      "27-1. Уәкiлеттi орган мынадай:
      1) "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған;
      2) анық емес мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;
      3) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
      4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
      5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
      8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен жағдайларда нысанын орталық атқарушы орган бекітетін ШАК төлемін тоқтату туралы шешім қабылдайды.".
      2. Аудандық мәслихат аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б.Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамсыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Сарсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________ М. Тоқжанов
26.07.2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады