2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 ақпанда № 14799 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескерпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 248-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарлардың қоса беріліп отырған тiзбесi бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 26 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 25 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен бекітілген

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттан және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарлардың тізбесі


р/н

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1

Сабанды немесе пішенді дестелерге буып түюге арналған тайлағыш престер мен престерді қоса алғанда, ауылшаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар

8433

2

Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)

8701

3

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан астам адамдарды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8702

4

Жеңiл автомобильдер және негiзiнен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа), арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерді қоса алғанда

8703

5

Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8704

6

Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су құю-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)

8705

7

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; өзге де өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; олардың бөліктері

8716

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады