Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізіттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 ақпанда № 14803 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 248-бабының екінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растаудың қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 26 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 25 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен бекітілген
  Нысан

Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау

      2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылуымен

      _______________________________________________________

            (БСН, еркін қойма иесінің – заңды тұлғаның атауы)

      келесі тауарлардың өндірісі жүзеге асырылғанын растаймыз.


р/н

Тауардың атауы және саны

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауарға арналған кедендік декларацияның нөмірі*

1

2

3

4

5

1.





2.









      _________________________ Мөр орны__________________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (уәкілетті органның жауапты тұлғасының қолы)

      Берілген күні: 20__ жылғы "__" _______

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      * шешім Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес рәсімделген кедендік декларациясының негізінде қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады