Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14834 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2018 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
8 ақпандағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген

Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі



      Ескертпе:

      Көк түсті материалдың үстіне ақ түсті бояумен жазылған "АЕО" әріптер жазбасын (әріптер: биіктігі – 200 мм; әріп штрихының қалындығы – 20 мм) білдіреді.

      Барлық символдар атмосфералық жағдайлардың әсерінен түсін өзгертпейтін және көлік құралын пайдалану процесінде өшпейтін, суға тұрақты бояумен жазылады.

      Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісі:

      1) көлік құралының алдыңғы бөлігінде –қозғалыс бағыты бойынша кабинаның оң жақ төменгі бұрышына;

      2) көлік құралдың артқы бөлігінде – қозғалыс бағыты бойынша шанақтың артқы бортының төмеңгі сол жақ бұрышына орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады