"Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 14851 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11023 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. БЭСА-ға қойылатын талаптарды бекіту кезінде комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды:

      1) мүлікті сату бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің кәсіби құзыретін, олардың қаржы ресурстарының, техникалық құрал-жабдықтарының және басқа материалдық мүмкіндіктерінің, сенімділігінің, тәжірибесінің және оң беделінің, сондай-ақ БЭСА ұсыну туралы шартты орындау үшін қажетті басқа да ресурстарының болуын;

      2) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында сенімгерлік басқарудағы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту және сүйемелдеу үшін ай сайын мүлікті өткізу бойынша электрондық аукционды өткізгені үшін сыйақының кемінде 50% бөлінуінің жүзеге асырылуын;

      3) атқарушылық құжаттарды орындау барысында БЭСА-ға түсетін мәліметтердің қауіпсіздігін, құпиялығын және дұрыстығын қамтамасыз етуді, оның ішінде БЭСА ақпараты мен сервистерін санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауға, БЭСА-да өткізілетін электрондық аукциондардың айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді;

      4) толық қолжетімділікті (техникалық жұмыстарды түнгі уақытта жүргізуді көздейтін кестеде қатаң шектелген регламенттік жұмыстарды жүргізу);

      5) сот орындаушысы, БЭСА операторы, электрондық аукционға қатысушылар, атқарушылық іс жүргізу тараптары және өзге тұлғалар БЭСА функционалы арқылы электрондық құжаттар нысанында жолданатын құжаттарды және мәліметтерді алмастырған кезде олардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануды;

      6) электрондық құжат айналымын, электрондық нысандағы құжаттарды күнделікті мұрағаттық сақтауды және іздестіруді қамтамасыз етуді, электрондық аукционға қатысушылардың авторландыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді және ақпараттың түрлі санаттарына үшін пайдаланушылардың қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуды негізге алады.";

      8-10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. БЭСА таңдау бойынша комиссия БЭСА-ға қойылатын талаптар бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің БЭСА таңдауға қатысу үшін ұсыныстар беруінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында және мерзімді баспа басылымдарында БЭСА таңдау туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды.

      9. Әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      10. БЭСА таңдауға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын БЭСА таңдауға қатысу үшін құжаттар топтамасы:

      1) ұйым басшысының БЭСА таңдауға қатысу үшін өтінішін;

      2) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар: әлеуетті өнім берушінің БЭСА-ға қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттарды қамтиды;

      3) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының (бар болған кезде) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме-үзіндіні ұсынады;

      4) әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, БЭСА-ға байланысты жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялардың және (немесе) куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін қамтиды. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариат куәландырған көшірмесін;

      6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының уәкілетті тұлғаның қолы және әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы мөрі бар анықтаманың түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) қамтиды. Анықтама конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын емес берілуі тиіс;

      7) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы тиісті мемлекеттік кіріс органының белгілеген нысандағы анықтаманың түпнұсқасын;

      8) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көрсетілген техникалық ерекшелiкті, тауарларға қызмет көрсетуге, шығыстарға, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге сапа кепiлдiгiн беруді;

      9) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес БЭСА таңдауға қатысуға өтініштерге қол қою құқығына сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) сенімхатты;

      10) БЭСА тиімді жұмыс істеуінің мүмкіндігін растайтын басқа да құжаттарды (бар болса) қамтиды.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарайды және БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде БЭСА таңдауға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мүлікті өткізу бойынша электрондық аукцион өткізгені үшін БЭСА операторына сыйақы берудің шекті мөлшері өткізілген мүлік құнының 0,5 %-дан аспайтын мөлшерді құрайды, оның 50%-ы ай сайын Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту және сүйемелдеу үшін жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. БЭСА операторы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларынан тыйым салынған мүлікті өткізген кезде БЭСА қызметін жүзеге асырғаны үшін төлем алмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады