"Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 15036 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      "1. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс (бұдан әрі – тендер) өткізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тендерге шығарылатын лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынауға жоспарланған поездар бойынша құрылады. Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру кезінде оларды қалыптастыру пунктінен тіркеу бірінші жоспарланған құрамдағы поезбен бір лотта құралады. Халықаралық поездардан басқа тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар үшін жеке лоттарды қалыптастыру көзделмейді. Бұл ретте республикалық көлемдегі іс-шараны ұйымдастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын ұйымдастырған жағдайда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынауға жоспарланған электро-, дизель поездардан басқа поездарды, бір лотпен өткізуге болады.";
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Тендерге қатысу үшін тасымалдаушы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
      1) Қазақстан Республикасы шекарасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға болып саналуы;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін меншікті немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін жолаушы жылжымалы құрамының болуы.
      Бұл ретте үлгілері (жалпы, плацкарт, купе) бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 %, ал электр-, дизель поездар вагондарының саны – 100 % құруы тиіс;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;
      4) тиісті әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы;
      5) 3 айдан артық уақытта Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және жалпы қолданыстағы үй-жайларға мүмкіндік алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда соңғы 12 айға тендер өткізілген немесе шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірінші күніне анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы;
      6) Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерде ашылған есептер бойынша тендер өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының болуы.
      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен өткізілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендерге қатысушы тасымалдаушыларға осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар қарастырылмайды.
      22. Тендерге қатысу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) тендерге қатысуға өтінім:
      заңды тұлғалар үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      жеке кәсіпкерлер үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі туралы нотариалдық куәландырған куәліктің көшірмесі;
      3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын темір жол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс. Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендер өткізген жағдайда осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысанда;
      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің нотариалдық куәландырған немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған көшірмесі;
      5) қызмет көрсетудің бірінші жылының соңына дейінгі мерзімде ұсынылған тендерге мәлімделген, тасымалдаушының меншік құқығын немесе жолаушылар жылжымалы құрамын жалға алуын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
      6) тендерге мәлімделген теміржол жолаушылар вагонына техникалық куәліктердің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5446 болып енгізілген) Дербес шоттарды жүргізу Қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімдерді уәкілетті органның қабылдау күнінің алдындағы бір айдан астам мерзімге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәлімет;
      8) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лоттар бөлігінде жолаушыларды тасымалдаудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      9) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушыларды тасымалдауды дамытудың негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      10) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаның жоғарылауының шекті деңгейінің негізгі талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      11) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      12) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсеткен әлеуметтік маңызы бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтінім берген кезде нормативтік саны шектерінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік маңызы бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілді міндеттеме-хат;
      13) тасымалдаушымен Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және теміржол ұйымдарымен жалпы қолданыстағы ғимараттарға жолаушыларға рұқсат беру бойынша қызметтерді және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да теміржол ұйымдарының арасындағы соңғы 12 ай ішінде бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі.
      Берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған, мөрлермен бекітілген берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;
      14) тасымалдаушыда банктан (тардан) ашылған есептер бойынша мәлімделген қатынаста бірінші жылда қызмет көрсетуге қарастырылған субсидия көлемінен тендер өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының анықтамасы;
      15) осы Қағидалардың 7-параграфына сәйкес тендерге қатысу үшін өтінімдерді қамтамыз етуді растайтын құжат.
      Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен өткізілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендерге қатысушы тасымалдаушыларға осы тармақтың 4), 6), 9) және 13) тармақшаларында көрсетілген талаптар қарастырылмайды.";
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "39. Тасымалдаушылардың тендерлік өтінімдерін және осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарды қарастыру кезінде, комиссия тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда тиісті мемлекетті органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратады.
      Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы вагондардың тендерлік өтінімінде осы Қағидалардың 22-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тасымалдаушы ұсынған құжаттардың сәйкестігіне алдын ала шығып тексеруді жүргізеді. Тасымылдаушы вагондарды алдын ала тексертуден бас тартқан жағдайда, тасымалдаушының тендерлік өтінімі қарастырылмайды. Вагондарды алдын ала шығып тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларда 16-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша вагондарды алдын ала шығып тексеру актісі жасалады.
      Вагондарды алдын ала шығып тексеру актісі тасымалдаушының осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігіне және тендерге шығарылған лоттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша тендерлік өтінімді бағалау парағындағы 1, 4 және 5-тармақтар бойынша балдардың санын есепке алу үшін негіз болып табылады.
      Жоғарыда көрсетілген ақпарат немесе вагондарды алдын ала шығып тексеру актісі комиссияның шешімі қабылдауы үшін негіз болып саналған жағдайда тендердің нәтижесі туралы хаттамаға тіркеледі.";
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын;
      15 және 16-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 19 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
1-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
8-1-қосымша
  Нысан

Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар

Р/с


Вагон №

Вагон түрі

Құрастыру жылы

Меншікті, жалға немесе басқа негізде, қолданудың негізі

Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі*, жыл бойынша

      *Ескертпе: вагондарды пайдалаундың орташа мерзімі лот бойынша 4 бағандағы барлық құрастыру жылдарын қосып, оны лот бойынша вагондардар санына бөліп және тендер өткізіліп отырған жылдан азайту жолы арқылы есептеледі.

Тасымалдаушы:
 
Басшы________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), қолы
Мөрдің орны
Бас есепші____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), қолы
Күні

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 19 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
2-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

Тендерлік өтінімдерді бағалау парағы

Р/с


Көрсеткіш

Балдар саны

1

Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен маршруттар бойынша тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша тасымалдаушылардың ұсыныстарына сәйкес вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі:
5 жылға дейін

25

5,1-ден 9 жылға дейін

20

9,1-ден 15 жылға дейін

15

15,1-ден 20 жылға дейін

10

20,1-ден және жоғары

5

2*

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушының негізгі талаптарында көрсетілген жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша тасымалдаушының теміржол жолаушылар тасымалы вагон паркін қамтамасыз ету бойынша тасымалдаушының вагондар үлесі:

Балдар саны

31%-дан 40% -ға дейін

2

41-дан 50%-ға дейін

5

51-ден 60%-ға дейін

8

61-дан 70%-ға дейін

11

71-ден 80%-ға дейін

14

81-ден 90%-ға дейін

17

91-дан 100%-ға дейін

20

3**

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің негізгі шарттарында көрсетілген көлемі жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы, гранд PMR) бойынша 7% -дан жоғары үлесте резервте вагондардың болуы:

5

4***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы негізгі шарттарда көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектер тұлғасына мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі

Балдар саны

25%-ға дейін

2,5

26-дан 50%-ға дейін

5

51-ден 75%-ға дейін

7,5

76-дан 100%-ға дейін

10

5***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген ортақ шартты вагондар санынан ауа тазартқыш жүйесі бар вагондардың үлесі:

Балдар саны

10 %-ға дейін

1

11-ден 20%-ға дейін

2

21-ден 30%-ға дейін

3

31-ден 40%-ға дейін

4

41-ден 50%-ға дейін

5

51-ден 60%-ға дейін

6

61-ден 70%-ға дейін

7

71-ден 80%-ға дейін

8

81-ден 90%-ға дейін

9

91-ден 100%-ға дейін

10

6

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудағы негізгі шарттарында көрсетілген вагонның жалпы көлемінде тасымалдалаушының жеке меншігіндегі вагондар үлесі

Балдар саны

10%-ға дейін

1

11-ден 20%-ға дейін

2

21-ден 30%-ға дейін

3

31-ден 40%-ға дейін

4

41-ден 50%-ға дейін

5

51-ден 60%-ға дейін

6

61-ден 70%-ға дейін

7

71-ден 80%-ға дейін

8

81-ден 90%-ға дейін

9

91-ден 100%-ға дейін

10

7

Қағидалардың 30-тармағында 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуінің бар болуы

5 (жолаушылар вагонының әрбір бірлігі үшін)

8

Қазақстан Республикасы шекарасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша тасымалдаушының жұмыс тәжірибесі:

Балдар саны

тәжірибе жоқ

0

1 жылға дейін

2,8 (Қағидалардың 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттардың біреуінің болуы)

1 жылдан 3 жылға дейін

3,75 (Қағидалардың 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттардың біреуінің болуы)

3 жылдан жоғары

5 (Қағидалардың 30-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттардың біреуінің болуы)

9

Тасымалдаушымен ұсынылған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына бағаның (тарифтің) көтерілуінің шекті орташа деңгейі, %

Қызмет көрсетудің бірінші жылында

Қызмет көрсетудің екінші жылында

Қызмет көрсетудің үшінші жылында

0

5

5

5

0,1-ден 3-ке дейін

4

4

4

3,1-ден 5-ке дейін

3

3

3

5,1-ден 7-ге дейін

2

2

2

7,1-ден жоғары

1

1

1

10.

Ұпайдың барлығы

100 ұпайдан жоғары емес

      ескертпелер:
      * - дизель, - электр поездарымен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жағдайында аталған шәкіл бағаланбайды;
      ** - әлеуметтік маңызы бар қатынастарға, тіркелмелі және жолдан түспейтін вагондар/электросекция және дизель поездар бойынша қызмет көрсету үшін вагондар санынан 100% ұсынылған вагондар санын ұсынған жағдайда аталған шәкіл бағаланады;
      *** - республикалық маңызы бар қалаларда, облыстарда жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының шекарасында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары аумағы бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендер өткізген жағдайда аталған шәкіл бағаланбайды.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 19 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
3-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
16-қосымша
  Нысан

Тендерге шығырылған лот бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша тендерлік өтінімдерді бағалау парағы

      ______________________________________
      тасымалдаушының атауы

Р/с


Көрсеткіш

Балдар саны

1

Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен маршруттар бойынша тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша тасымалдаушылардың ұсыныстарына сәйкес вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі:

1.

5 жылға дейін

1.

5,1-ден 9 жылға дейін

1.

9,1-ден 15 жылға дейін
15,1-ден 20 жылға дейін
20,1-ден және жоғары
БАРЛЫҒЫ

      

2*

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушының негізгі талаптарында көрсетілген жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша тасымалдаушының теміржол жолаушылар тасымалы вагон паркін қамтамасыз ету бойынша тасымалдаушының вагондар үлесі:

Балдар саны

31%-дан 40% -ға дейін
41-дан 50%-ға дейін
51-ден 60%-ға дейін
61-дан 70%-ға дейін
71-ден 80%-ға дейін
81-ден 90%-ға дейін
91-дан 100%-ға дейін
БАРЛЫҒЫ
 

3**

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің негізгі шарттарында көрсетілген көлемі жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы, , гранд PMR) бойынша 7% -дан жоғары үлесте резервте вагондардың болуы:
 

4***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы негізгі шарттарда көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектер тұлғасына маманбдандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі
Балдар саны
25%-ға дейін
 
26-дан 50%-ға дейін
 
51-ден 75%-ға дейін
 
76-дан 100%-ға дейін
 
БАРЛЫҒЫ
 

      

5***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген ортақ шартты вагондар санынан ауа тазартқыш жүйесі бар вагондардың үлесі:

Балдар саны

 
10%-ға дейін
 
11-ден 20%-ға дейін
 
21-ден 30%-ға дейін
 
31-ден 40%-ға дейін
 
41-ден 50%-ға дейін
 
51-ден 60%-ға дейін
61-ден 70%-ға дейін
71-ден 80%-ға дейін
81-ден 90%-ға дейін
91-ден 100%-ға дейін
БАРЛЫҒЫ

6

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудағы негізгі шарттарында кқрсетілген вагонның жалпы көлемінде тасымалдалаушының жеке меншігіндегі вагондар үлесі

Балдар саны

10%-ға дейін
11-ден 20%-ға дейін
21-ден 30%-ға дейін
31-ден 40%-ға дейін
41-ден 50%-ға дейін
 
51-ден 60%-ға дейін
 
61-ден 70%-ға дейін
 
71-ден 80%-ға дейін
81-ден 90%-ға дейін
91-ден 100%-ға дейін
БАРЛЫҒЫ

7

Қағидалардың 30-тармағында 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуінің бар болуы

8

Қазақстан Республикасы шекарасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша тасымалдаушының жұмыс тәжірибесі:

Балдар саны

 
тәжірибе жоқ
 
1 жылға дейін
 
1 жылдан 3 жылға дейін
 
3 жылдан жоғары
БАРЛЫҒЫ

      

9

Тасымалдаушымен ұсынылған әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына бағаның (тарифтің) көтерілуінің шекті орташа деңгейі, %

Қызмет көрсетудің бірінші жылында

Қызмет көрсетудің екінші жылында

Қызмет көрсетудің үшінші жылында

0
0,1-ден 3-ке дейін
3,1-ден 5-ке дейін
5,1-ден 7-ге дейін
7,1-ден жоғары
БАРЛЫҒЫ
Ұпайдың барлығы

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 19 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
4-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
16-1-қосымша
  Нысан

Вагондарды алдын ала шығып тексеру актісі

      _______________________________________________
      (тасымалдаушының атауы)

Р/с


Вагонның №

Вагон түрі

Құрастыру жылы

Жөндеудің соңғы түрі

Ауа желдеткіш жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық құрылысымен қарастырылмаған. иә – зауыттық құрылыспен қарастырылған

Кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектер тұлғасына мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылардың болуы, иә немесе жоқ

ДЖ

КЖ-1

КЖ-2

ЖҚКЖ

КҚЖ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

Лоттың №

Барлығы

купе

Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі**, жыл

плацкарт

общий

      * - Тасымалдаушылармен ұсынылған осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысанда Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      ** - вагондарды пайдалаундың орташа мерзімі лот бойынша 6-бағандағы барлық құрастыру жылдарын қосып, оны лот бойынша вагондардар санына бөліп және тендер өткізіліп отырған жылдан азайту жолы арқылы есептеледі.
      Осы Қағиданың 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігі:
      _______________________________________________________________________
      Ескерту: ________________________________________________________________________
      Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және
      лауазымы ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады