Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер койнауы учаскелерін қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15048 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 160 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.03.2018 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 18 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 14 сәуірдегі
№ 201 бұйрығымен бекітілген

Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскесiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесі

Р/с

Пайдалы қазбаның түрі

Жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

Жер қойнауын пайдалану операцияларының түрі

Облыс

Географиялық координаталары с.е. ш.б.

1

2

3

4

5

6

1

Көмір және уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар

М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59)

Шығыс-Қазақстан

49о18'00

- 84о26'00

49о18'00

- 84о28'00

49о17'00

- 84о28'00

49о17'00

- 84о29'00

49о16'00

- 84о29'00

49о16'00

- 84о25'00

49о17'00

- 84о25'00

49о17'00

- 84о26'00


барлау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады