Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 24 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрi
Д. Абаев ___________________
2017 жылғы "____" __________
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда қағаз жеткізгіште не электрондық форматта (сканерленген өтініш) жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтке дейінгі рұқсат етілетін күту уақыты өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру;
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сұратылып отырған статистикалық ақпараттың жоқтығы туралы хабарлама;
осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық нұсқада алу мүмкіндігі ұсынылады.
7. "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz, Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Төлем тәсілі – қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген төлем шотына сәйкес жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсетуі керек.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (жеке тұлға жеке басты куәландыратын құжат бойынша; заңды тұлға өкілеттіктерін растайтын құжат немесе сенімхат бойынша):
1-кезең:
жеке және заңды тұлғалар үшін – осы Стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініштер.
2-кезең:
жеке тұлғалар үшін: төлем туралы түбіртек;
заңды тұлғалар үшін: төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат негізінде жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
10. Егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған немесе респонденттің келісімі болмаған жағдайда "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитет, Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына не портал арқылы осы Стандарттың 7-тармағында көрсетілген Министрліктің, Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар мен телефон нөмірлері бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар мен телефондар арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация
арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттар қабылдау қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету үшін тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізеді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының және осы Стандарттың 7-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің телефондары мен мекенжайлары бойынша құжаттарды толтыру жөнінде консультация алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, көрсетілетін қызметті берушінің телефон нөмірлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы осы Стандарттың 7 және 11-тармақтарында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің және Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурстарында орналастырылған.
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Сұратылып отырған ақпараттың жоқтығы туралы хабарлама
20_____"___" ________________
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің
Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20____жылғы № ____ сұрау салуыңызға_________ деректердің
жоқ екендігін хабарлайды, себебі "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19
наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес Сіз сұратып
отырған ақпаратты тиісті мемлекеттік органдар дербес қалыптастырады және таратады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындаушысы
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________ (қолы)
Өтініш
Осы өтініштің қосымшасына сәйкес
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезең, кезеңділік көрсетілсін)
үшін статистикалық ақпаратты
_________________________________________________________ ұсынуыңызды сұраймын.
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін нәтижесі көрсетілсін: қағаз
немесе электрондық)
Қосымша ______ п.
Жеке тұлғаның деректемелері:
Жеке куәліктің нөмірі _____________________________
ЖСН _____________________________
Нақты мекенжайы _____________________________
Телефоны мен факсы _____________________________
Электрондық мекенжайы _____________________________
_________________________________________________
(қолы, күні)(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Өтінішке қосымша
Р/с | Статистикалық ақпараттың атауы | Аумақтық бөлініс | Кезең | Кезеңділік |
Өтініш
Осы өтініштің қосымшасына сәйкес
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезең, кезеңділік көрсетілсін)
үшін статистикалық ақпаратты ____________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қажет етілетін
нәтижесі көрсетілсін: қағаз немесе электрондық)
ұсынуыңызды сұраймын.
Қосымша: ______ п.
Заңды тұлғаның деректемелері:
БСН _____________________________
ЖСК _____________________________
БСК _____________________________
Заңды мекенжайы _____________________________
Нақты мекенжайы _____________________________
Телефоны мен факсы _____________________________
Электрондық мекенжайы _____________________________
Басшы________________ ________________________________________.
(қолы, мөр) (тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда)
Орынд.: _________________
Тел.: _________________
Өтінішке қосымша
Р/с | Статистикалық ақпараттың атауы | Аумақтық бөлініс | Кезең | Кезеңділік |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын және "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызмет қағидаларының 18-тармағын
басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Стандартта көзделген
тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Ресми
статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдаудан бас тартады,
атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
(Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)
Орындаушы: (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________
Телефоны __________________________________
Алдым: Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
қолы
20____ жылғы "___" _________