Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қаңтарда № 10161 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 29 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 26.09.2024 № 29 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің 2014 жылғы
31 желтоқсандағы
№ 199 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.06.2018 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС-ны қоспағандағы баға, теңге*

Орталық аппарат, Алматы қаласындағы "АЕО" РМК-ның1 филиалы

"АЕО" РМК-ның 14 облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары2

1

2

3

4

5

1

Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау

адам/сағат

1 256

628

2

Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру3

адам/сағат

3 564

-

3

Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу3

адам/сағат

3 254

-

4

Уәкілетті органның дерекқорларын және ақпараттық-статистикалық жүйелерінің тұғырнамаларын, интернет-ресурсын сүйемелдеу және өзектілендіру

адам/сағат

3 348

687

5

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру

адам/сағат

1 211

      *Ескертпе:

      1"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК).

      2"АЕО" РМК Орталық аппараты, Алматы қаласындағы "АЕО" РМК-ның филиалы және 14 облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша "АЕО" РМК-ның филиалдары көрсететін қызметтердің бағаларын бөлу көрсетілетін қызметтердің көлеміне, сипатына және мазмұнына байланысты.

      3"Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру" және "Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу" қызметтерін Орталық аппарат және Алматы қаласындағы "АЕО" РМК-ның филиалы көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады