"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20335 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 24 бұйрығымен
бекітілді

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе info@statdata.kz электрондық мекенжайына электронды көшірме түрінде өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтініш берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама береді.

      6. Өтінішті қарауға қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайы бойынша жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жіберілген тыңдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі төлемге шот жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші ұсынған шотты төлеген күні төлемді растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы растайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші төлемді алғаннан кейін статистикалық ақпаратты өтінішке сәйкес қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайына тіркелетін пошта жөнелтілімі немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы береді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының статистикалық ақпарат оның нақты мекенжайына жіберілген жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші хабардар етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселесі бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
____________________________
толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Жеке тұлғаларға арналған өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз

      жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу)

      жолдау арқылы

      _________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      _________________________________________________________________________

      _____________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________

      Нақты мекенжайы ____________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен және www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетіні мен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ қолы

Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
____________________________
толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Заңды тұлғалар үшін өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз

      жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу)

      жолдау арқылы

      __________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      __________________________________________________________________________

      ________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы _______________________________________________

      Басшы _______________________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы: _________________ Телефон: _________________ (Тегі, аты-жөні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ басшының қолы

Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпарат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру жүзеге асырылады.
Өтініш қағаз жеткізгіште немесе электронды көшірме түрінде info@statdata.kz электрондық мекенжайына беріледі.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Қағаз жүзінде.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы ұсыну;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі, көрсетілетін қызметті алушыдан төлем тапсырмасында төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін көрсету талап етіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш;
2) төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздеме

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген;
4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде;
5) егер cұрау салынатын статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде таратылуға жататын ресми статистикалық ақпарат болып табылса мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескерумен қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мекенжайларды және байланыс деректерді 1446 абоненттік нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы да білуге болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпараттың барлық жарияланымдары статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде www.stat.gov.kz интернет-ресурста "Статистика" бөлімінде қолжетімді.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдау туралы хабарлама
20 ____ жылғы " ___" _________

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық

      жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық

      ақпаратты беру туралы 20___ жылғы "___" ______________________

      № _________ өтінішіңізді қарауға қабылдады.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
  не ұйымының атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Дәлелді бас тарту

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу

      құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК)

      Сіздің 20___ жылғы "___" ______________________ № _________ өтінішіңізді қарап,

      ___________________________________________________________________

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      __________ себеппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 03.04.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Сіздің 20____жылғы "___" _____ №____өтінішіңізді қарап, статистикалық ақпарат (пошта байланысының атауы, тіркілетін пошта жөнелтілімінің нөмері, күні) арқылы өтініште көрсетілген нақты мекенжайға жолданғанын хабарлайды.

      Директор ____________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 24 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған).

      2. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).

      3. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15063 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15471 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16366 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16815 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19322 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19531 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады