"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15114 болып тіркелді.

       "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Агенттік – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ("Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды);

      2) ведомстволар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті ("Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті ("Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ("Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 744 Жарлығымен таратылды);

      3) кадр қызметі – Ұлттық Банктің қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі (филиалдарда – қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі маман);

      4) кадр резерві – Ұлттық Банк Төрағасы бекіткен, Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына кейіннен орналасу үшін конкурстан немесе іріктеуден ойдағыдай өткен адамдардың тізімі;

      5) конкурс – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін өткізілетін рәсімдер;

      6) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Ұлттық Банкке құжаттарын тапсырған адамдар;

      7) конкурстық комиссия – Ұлттық Банктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;

      8) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;

      9) мүдделі бөлімше – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімше;

      10) талаптар – Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға олардың кәсіби дайындық деңгейін, құзыреттілігін және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптар;

      11) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;

      12) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде сынаққа және әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;

      13) Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғалар;

      14) Ұлттық Банктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлттық Банкте қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен төленетін адамдар;

      15) Ұлттық Банктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;

      16) Ұлттық Банктің ұйымдары – Ұлттық Банктің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;

      17) филиалдар – Ұлттық Банктің филиалдары;

      18) іріктеу – Ұлттық Банк қызметшілерінің кадр резервін қалыптастыру мақсатында өткізілетін рәсімдер.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу";

      7-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:

      шет тілін білетін (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6-дан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);

      және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;

      және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;

      және (немесе) халықаралық бухгалтерлік (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) немесе қаржылық (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаттары, ақпараттық технологиялар (CISA, CISM) және ішкі аудит (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA) саласында халықаралық сертификаттары, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ACAMS) саласындағы халықаралық сертификаты бар;

      және (немесе) Ұлттық Банктің ұйымдарында және еншілес ұйымдарында, ұлттық басқарушы холдингте, даму институттарында, қаржы ұйымдарында Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      және (немесе) мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Ұлттық Банк Магистратурасының және "Назарбаев Университеті" ДБҰ түлектері.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құжаттарды қабылдау мерзімі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Конкурстық комиссия қорытынды отырысында кандидаттарды ұсынылған құжаттар, сынақ, әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және олардың арасынан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу және кадр резервіне есептеу үшін адамдарды іріктейді.";

      37-тармақ алып тасталсын;

      3-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1-тарау. Кадр резервін қалыптастыру

      38-1. Кадр резерві конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардан және іріктеуден өткен адамдардан қалыптастырылады.

      38-2. Кадр резервіне есептеу үшін іріктеу өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      38-3. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында түйіндеменің электрондық нұсқасын толтырады.

      Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан соң аяқталады.

      38-4. Түйіндеме қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндеме ұсынған тұлғалардың тізімін қалыптастырады.

      Кадр қызметі қалыптастырған адамдардың тізімі Ұлттық Банктің бөлімшелеріне әңгімелесу жүргізу үшін жіберіледі.

      Әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық почта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдарға хабарлайды.

      38-5. Ұлттық Банктің бөлімшелері Ұлттық Банк бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес келетін салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында кадр қызметі қалыптастырған адамдардың тізімін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің бөлімшелері әңгімелесуден ойдағыдай өткен адамдардың тізімін кадр қызметіне жібереді.

      38-6. Кадр қызметі әңгімелесуден өткен адамдардың бірыңғай тізімін жасайды және оны Ұлттық Банк Төрағасына бекітуге жібереді.

      Іріктеуден өткен адамдардың бекітілген тізімі Ұлттық Банктің ақпараттық стендінде көпшілікке көрінетіндей қолжетімді жерде және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      38-7. Кадр резервіне есептелген адамдар Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы болған жағдайда Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына оларды кадр резервіне есептеген күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде тағайындалады.

      38-8. Адамдарды кадр резервінен шығару мынадай жағдайларда:

      1) кадр резервіне есептелген адам кадр резервінен шығару туралы өтініш берген жағдайда;

      2) кадр резервіне есептелген адам Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасқан жағдайда;

      3) Қағидалардың 38-7-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайда жүзеге асырылады.

      38-9. Ұлттық Банктің кадр резервін қалыптастыру және одан шығару жұмысы кадр қызметіне жүктеледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Еңбек шартын тоқтату";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қорытынды ережелер".

      2. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы (Қонаев А.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады