Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 29.08.2019 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Е.Б. Нәшірәлі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Респуликасының
Қаржы министрі
____________ Б.Сұлтанов
2017 жылғы 24 мамыр
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін
сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын
айқындау әдістемесі
1. Осы Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген) Республикалық деңгейде мемлекет ақпарат саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын айқындайды.
2. Әдістеме республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру шеңберінде ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және олардың бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер, журналдар, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар) орналастыру құнын айқындаудың тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленді.
Әдістеме теле-, радиоарналарға, интернет-ресурстарға, сонымен қатар, келесідей мерзімде баспа басылымдарға таратылады: газеттер және журналдар.
3. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі - Қызмет) ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер, журналдар, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар) орналастыру құны осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір түрі үшін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметтерінің базалық бағаларына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.
4. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша Қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 саналатын, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін–1,3;
100 000 данаға дейін–1,15;
50 000 данаға дейін–1;
30 000 данаға дейін–0,9;
20 000 данаға дейін–0,8;
10 000 данаға дейін–0,65;
5 000 данаға дейін–0,5.
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 саналатын, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін–1,2;
10 000 данаға дейін–1,1;
8 000 данаға дейін–1;
5 000 данаға дейін–0,9;
3 000 данаға дейін–0,8;
1 000 данаға дейін–0,7.
5. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша Қызмет құны Pi=BixVxKq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын, ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен саналатын, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсты қолданушының орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:
айына 500 000 қолданушыға дейін–1;
айына 1 000 000 қолданушыға дейін–1,1;
айына 2 000 000 қолданушыға дейін–1,2;
айына 5 000 000 қолданушыға дейін–1,3;
айына 5 000 000 қолданушыдан жоғары–1,4.
6. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды теледидарда орналастыру бойынша Қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды теледидарда орналастыру құны;
Btv – теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секундына, минутына, сериясына базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен саналатын теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.
7. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді дайындау (даярлау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша Қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минутына, радиоарнада аудиороликтің бір секундына базалық бағасы;
V – минутпен саналатын, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша |
Бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір түрі үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметтерінің базалық бағасы
№ | Қызметтердің атауы | Өлшем бірлігі | 2017 жыл (теңге) | 2018 жыл (теңге) | 2019 және алдағы жылдар (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Газетте ақпараттық материалдарды орналастыру (Bn) | см2 | 184 | 292 | 400 |
2. | Журналда ақпараттық материалдарды орналастыру (Bm) | см2 | 153 | 216 | 280 |
3. | Интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру (Bi) | символ | 18 | 28 | 38 |
4. | Ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv) | минут | 39500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) | ||
5. | Ток шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv) | минут | 46250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) | ||
6. | Ойын сауық шоуын әзірлеу және орналастыру (музыкалық, әзіл бағдарламалары) (Btv) | минут | 85000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) | ||
7. | Реалити-шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv) | минут | 72500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) | ||
8. | Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv) | минут | 60 812* (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) | ||
9. | Деректі фильмдерді әзірлеу (Btv) | минут | 187 500 | ||
10. | Бейнероликті әзірлеу (Btv) | секунд | 22 000 | ||
11. | Сериалды әзірлеу(Btv) | серия | 4 370 000 | 6 180 000 | 8 000 000 |
12. | Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br) | минут | 7 000 | 13 000 | 20 000 |
13. | Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру (Br) | секунд | 580 |
Ескертпе:
*Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде жанрлар бойынша теледидарлық бағдарламаларды бөлу ескерілмесе, онда теледидарлық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық болады (Btv).