"Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15178 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 09.06.2023 № 367 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 9173 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 7 наурызында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы бекітілсін.";

      бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық тексеру жүргізілуін нақтылайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жылжымайтын мүлік объектісінде ауыртпалықтар мен талаптар болған кезде мемлекеттік техникалық тексеруге және оған техникалық паспорт беруге жатады, өйткені техникалық паспорт құқық белгілеуші құжат болып есептелмейді. Жер учаскесіне сәйкестік құжаттар болған жағдайда, меншік иесінің қалауы бойынша техникалық паспорт даярлана отырып, тексеру жүргізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Барлық өлшеулер дәлдікпен және кейінгі жер учаскесінің жоспары сызылатын абриске енгізіледі. Абрис жердің жоспарын сызуға арналған алғашқы құжат болып табылады. Абриске түзету енгізуге жол берілмейді, жекелеген түзетулер нақты және оларға ескертпе болуы қажет. Абристі таза етіп жасау мақсатында қайта сызуға тыйым салынады. Абристе оның сызылған күні, жылыжмайтын мүлік объектісінің мекен-жайы, объектінің меншік иесі (өзге де заттық құқық иесі) түсіруді орындаған маманның және техникалық тексеру жүргізу бөлімі басшысының (әрі қарай – бөлім басшысы) тегі мен қолы көрсетіледі. Абрис қарындашпен немесе электронды түрде сызылады. Абристің сапасында өзгерістер жоқ болса онда абрис ретінде алдыңғы мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу құжаттары пайдаланылады. Жылжымайтын мүлік объектісін тексеру жүргізу кезінде жобалық құжаттаманың көшірмесін пайдалануға болады. Онда құрылыстың пайдалану мақсаты, тексерілген құрылыстар және ғимараттар, литер тізбесі, бөлмелер нөмірі, қайта жасақталған құрылыстар мен құрылыс жайлар нөмірі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар көрсетіледі. Абристегі қасбет сызығы парақтың төменгі сызығымен параллель сызылады. Абристегі жазулар мен сандар анық және олар жататын паралель сызыққа орналастырылады.

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Қабат бойынша жоспарда әр үй-жайлардың нөмірлік реті көк түсті араб санымен шығу есігінен сағат тілі бағыты бойынша қойылады. Үй-жайдың нөмірлік реті әрбір қабатта жеке қойылады, яғни 1-ші саннан басталады.";

      мынадай редакциядағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

      "64-1. Каскадтық көп қабатты тұрғын үйлерде пәтер қабаты техникалық паспортта нақты орналасқан жері бойынша көрсетіледі.";

      1-12-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Жер учаскесін түсіру және жер учаскесінің сызбалық жоспарын сызу (дала және камералды жұмыстар)";

      "3-тарау. Ғимараттарды түсіру (өлшеу) және қабаттар жоспарларын сызу (далалық және камералдық жұмыстар)";

      "4-тарау. Жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыс жайлардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің техникалық ерекшеліктерін сипаттау (есептеу жұмыстары)";

      "5-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік техникалық тексеру";

      "6-тарау. Теміржолдарды мемлекеттік техникалық тексеру";

      "7-тарау. Жасыл екпелерді мемлекеттік техникалық тексеру";

      "8-тарау. Қалалық электр көлігі желілерін бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру";

      "9-тарау. Көпірлер мен өткерме жолдарды мемлекеттік техникалық тексеру";

      "10-тарау. Жағалауларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу";

      "11-тарау. Құбыр жолдарын (сумен жабдықтау және кәріз, жылу желілері, магистральдық мұнай құбырлары мен газ құбырлары объектілерін) мемлекеттік техникалық тексеру";

      "12-тарау. Электр желілеріне мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу";

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Жасыл екпелердің мемлекеттік техникалық тексеру объектілері: жасыл екпелер оның ішінде, ағаштар, бұталар, гүлзарлар, көгалдар, құрылыстар, оның ішінде орындықтар, жолдар, мүсіндер, шағын сәулет нысандары болып табылады.";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
1-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
2-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
3-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 4-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
4-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 5-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
5-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 6-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
6-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 7-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
7-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 8-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
8-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 9-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
9-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 10-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
10-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 11-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
11-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 12-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
12-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 13-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
13-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 14-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
14-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 15-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
15-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 16-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
16-қосымша";

      Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығына 17-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектілеріне мемлекеттік
техникалық тексеру жүргізу
нұсқаулығына
17-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________Д. Абаев

      2017 жылғы 19 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "__"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады