Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 маусымда № 15196 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:

      1-қосымшаның "Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы" деген 5-нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жобалауға арналған тапсырманы (мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын объектілердің жобалауға арналған тапсырмасында халықаралық міндеттерді ескере отырып, қазақстандық өндіретін құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану міндетті талап болып табылады);";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тапсырыс беруші құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын дайындау барысында:

      1) құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 46-бабымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарлама жібереді;

      2) мыналар бойынша тиісті ұйымдардан:

      электр берудің әуе желілері және байланыс желілері аймағында, темір жол бөлінген белдеуде, құрылыс алаңында орналасқан жер асты коммуникацияларының өтетін орындарында, жер учаскелерінде жерасты қазба жұмыстарын жүргізу аймақтарында жұмыс жүргізуге;

      егер тапсырыс берушінің құрылысы үшін жеке газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, бумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау объектілері болмаған жағдайда, құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес қалаларда және басқа елді мекендерде құрылыс салу кезеңі ішінде бұрыннан бар көздерден электр энергиясын, газды, суды, буды уақытша пайдалануға;

      ормандарды кесуге және ағаштарды отырғызуға рұқсат алады;

      3) көрнекі орындар аумағында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймақтарында жүргізілетін жерге орналастыру, жер, құрылыс, мелиорациялық, шаруашылық жұмыстарды келісуді қамтамасыз етеді;

      4) объектіні салу үшін геодезиялық бөлу негізін құрады;

      5) тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын жағдайды қоспағанда, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін мердігерді таңдауды жүзеге асырады.

      Мердігерлік шарттағы жұмыстарды орындау мерзімдері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында сараптамадан өткен құрылысты ұйымдастыру жобасына (бұдан әрі - ҚҰЖ) кіретін және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының күнтізбелік жоспарымен, сондай-ақ күнтізбелік жоспарға байланыстырылған құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру кестесімен анықталады. Бұл ретте, жұмыстарды орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері, сондай-ақ жұмыстардың жекелеген сатыларының аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) көрсетіледі. Құрылысты ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген;

      6) заңнамада белгіленген тәртіпте авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыруға шарттар жасасады.

      Штатта аттестатталған сарапшылар болған жағдайда, техникалық қадағалауды тапсырыс берушінің өзі жүзеге асырады;

      7) мердігерге белгіленген тәртіпте:

      онымен келісілген мерзімде жерге тиісті құқықты растайтын құжаттарды және тиісті пайдалану органдарынан алынған рұқсатты;

      геодезиялық бөлу негізінің құрамында: құрылыс торын, қызыл сызықтар, ғимараттың (құрылыстың) габаритін анықтайтын бас бөлу остерін, биік қада белгіні, инженерлік коммуникациялардың, автожолдардың, электрмен жабдықтау желілерінің, байланыс, су құбыры, кәріз, жылу беру, газдандыру трассасының бас остерін, ресімделген құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін қабылдау актісін;

      егер шартта өзге көзделмесе, әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, инженерлік іздестіру материалдарын және құрылысқа қажетті құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа да құжаттарды береді.

      Бұл ретте, мердігер өз күшімен не мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жұмыстарды жүргізу жобасын (бұдан әрі - ЖЖЖ) әзірлейді. Жұмыс жүргізу жобасында (ЖЖЖ) әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген. ЖЖЖ жалпы объектінің құрылысына әзірленеді және жұмыстарды жеке түрлерін орындау жобаларынан тұруы мүмкін;

      8) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобалардың, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, ресми интернет-ресурсында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген бекітілген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар және конструкциялар қажеттіліктерінің жиынтық ведомосін жариялауды қамтамасыз етеді;

      9) құрылысты жалпы жүргізуге бақылауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара қатынастарды жүзеге асырады;

      10) шартта көзделген жағдайларда және тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға береді;

      11) құрылыстың мердігерлік шарттарын жасау және орындау барысында құрылысқа қатысушылармен туындайтын келіспеушіліктерді реттейді;

      12) салынып жатқан объектіге барады, қажетті атқарушы техникалық құжаттамалармен танысады;

      13) авторлық және техникалық қадағалауды ұйымдастыру арқылы орындалған жұмыс түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайды, олар белгіленген мемлекеттік нормативтердің талаптарына, жобалау-сметалық құжаттамаға жауап беруге, сондай-ақ шарттың талаптарына сәйкес келуі тиіс;

      14) мердігерден авторлық және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындауды талап етеді және оларды орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін мердігерге қатысты шаралар қолданады;

      15) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді;

      16) жұмыстарды жүргізген кезде олар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан және нормативтік талаптардан, сондай-ақ жасалған құрылыс мердігерлік шартынан ауытқитын болса, жұмыс жүргізуді тоқтатады;

      17) мердігерден құрылыстың мердігерлік шартының талаптарын орындауды және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде жол берілген кемшіліктер мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқуларды ақысыз жоюды талап етеді;

      18) ұсыныстарды қарайды және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісе отырып, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға түбегейлі емес, объектінің конструктивтік схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалық шешімдеріне, сондай-ақ құн және басқа да бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қозғамайтын өзге де объективтік факторларға әсер етпейтін өзгерістерді енгізу бойынша шешім қабылдайды, оларды кейіннен ресімдеп, сақтауға тапсырады;

      19) мердігердік ұйымнан шарт міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алу жөнінде шаралар қолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 29 сәуірдегі
№ 255 бұйрығына
қосымша

5-нысан. Техникалық қадағалау журналының есепке алу парағы Есепке алу парағы № ____

Күні

Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және жабдықтардың ауыстыру фактілерін, оларды жоюдың талап етілетін мерзімдерін, оларды жою туралы көрсете отырып құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаларын бұзғаны, және жобадан ауытқудың анықталуы

Жазбаны енгізген, техникалық қадағалау өкілдерінің тегі, аты-жөні, жазбаны енгізу күні

Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың тегі, аты-жөні, танысқан күні

Нұсқауды орындағаны туралы белгі (тегі, аты- жөні, лауазымы, күні)

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Мердігердің (қосалқы мердігердің) өкілі

Тапсырыс берушінің өкілі

Техникалық қадағалау өкілі

1

2

3

4

5

6

7

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады