"Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 маусымда № 15214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2020 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12385 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 153 (28881) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы баптың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 5 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 162 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 9 қарашадағы
№ 630 бұйрығымен бекітілген

"Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті ересектерге біліктілікті арттыру курстарын жүргізетін мынадай қосымша білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

      1) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДБҰ);

      2) "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Өрлеу" БАҰО" АҚ) және оның филиалдары көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 36 академиялық сағаттан 9 айға дейін;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: тиісті бағдарлама бойынша сертификат беріледі.

      Курсқа қабылдау біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының өтініші;

      2) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) лауазымы және жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан алынған анықтама;

      4) дипломдар, сертификаттар және оқу және қоғам өмірінде жетістіктерін растайтын басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған қолхат береді.

3-тарау.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдерініне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-тармақта көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ЖАО-ның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымда заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі және өтініште көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде;

      2) ЖАО интернет-ресурстарында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Ересектерге педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру
бойынша қосымша білім беруді
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
  нысан

      Оқу орнының басшысына
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Кімнен_________________________
тегі                 
_______________________________
аты                 
______________________________
әкесінің аты(бар болған жағдайда)     
______________________________
лауазымы                 

ӨТІНІШ

      Мен, _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың

      бағдарламалары аясындағы ____________ тілінде оқытылатын топта _____________________

      курсқа қатысу үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын.

      ___________________                         "____" _________________ 20 __ жыл

      (қолы)                                     (өтініш берген күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады