Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 маусымда № 15215 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 40-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа кол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 23 мамырдағы
№ 109 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10228 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанда жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 297 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12189 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қарашада жарияланған);

      3. "Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12693 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған);

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12838 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12862 болып тіркелген);

      6. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13002 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 ақпанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады