"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 18 мамырдағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 маусымда № 15245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10336 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларында:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Сыныптық біліктілік:

      дәлелді себептермен (емделуде, демалыста, іссапарда) белгіленген мерзімде сыныптық біліктілікті айқындаудан өтпеген әскери қызметшілерге;

      бала күтімі жөніндегі демалыстағы әскери қызметші әйелдерге расталады және кейінгі сыныптық біліктілік қызметке шыққаннан кейін алты айдан ерте емес уақытта анықталады;

      күндізгі оқу нысаны бойынша Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жоғары оқу орындарында және академияларында оқитын офицерлерге барлық оқу кезеңі ішінде расталады. Көрсетілген офицерлерге сыныптық біліктілігі оқу орнын аяқтағаннан кейін келесі жылы айқындалады;

      сыныптық біліктілік алғашқы офицер атағы берілгенге дейін әскери қызмет өткеру барысында берілген офицерлер құрамының лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге;

      келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлерінен немесе әскери құралымдарынан, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ауысқан адамдарға (егер қызметтегі үзілісі алты айдан аспаса) олар тиісті құжаттар ұсынған кезде расталады. Егер қызметтегі үзілісі алты айдан асса, сыныптық біліктілікті беру жаңадан шақырылған әскери қызметшілер сияқты жалпы негіздерде жүзеге асырылады;

      еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдарға расталады;

      сот шешімі бойынша әскери қызметке қайта қабылданған адамдарға расталады.";

      54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:

      "ІІІ сыныпты маман" - барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" бағадан төмен емес (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;

      Ұлттық ұлан Әскери институтының бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жобалар, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша "жақсы" бағадан төмен емес бағаға бағаланған;

      "ІІ сыныпты маман" - барлық тексерілген пәндер бойынша "жақсы" және "өте жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;

      "І сыныпты маман" - барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша (шекті мәндер орындалған) "жақсы" деген бағаға бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.

      "І сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "Тәлімгер (шебер)" - барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "жақсы" деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.

      55. Әскери қызметшілерге:

      Министр – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына, оның орынбасарларына және "Әскери ұшқыш (штурман) – мергенге";

      Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – өңірлік қолбасшылық, Әскери институт, тікелей бағыныстағы бөлімдер қолбасшылығына, "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелер орталығына (Арнайы операциялар орталығы) және әскери қызметшілерге "І сыныпты маман – тәлімгер (шеберге)", "Тәлімгер (шеберге)", "І сыныпты әскери ұшқыш (штурманға)" дейін қоса алғанда;

      өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, Әскери институт бастығы, тікелей бағыныстағы бөлім командирлері – "І сыныпты маманды" қоса алғанға дейінгі сыныптық біліктілікті;

      әскери бөлім командирлері – "ІІ сыныпты маманды" қоса алғанға дейінгі сыныптық біліктілікті беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға құқығы бар.

      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген жоғары әскери оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша "ІІІ сыныпты маман" сыныптық біліктіліктің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы мен оның орынбасарларының сыныптық біліктілігі бес жылда бір рет расталады.";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

      6-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық құрамының әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

      56-1. Қол жеткізген шеберлік деңгейіне, мақсаты бойынша міндеттерді орындауға даярлығына және әскери тәртіптің жай-күйіне (тәртіптік жазаларының болуы) байланысты инженерлік-техникалық құрам (бұдан әрі - ИТҚ маманы) лауазымдарында қызмет атқаратын әскери қызметшілерге мынадай:

      "ІІІ сыныпты ИТҚ маманы";

      "ІІ сыныпты ИТҚ маманы";

      "І сыныпты ИТҚ маманы";

      "ИТҚ шебер - тәлімгері" сыныптық біліктілігі беріледі.

      56-2. ИТҚ мамандарын сыныптық біліктілігін жоғарылатуға (растауға) даярлауды ұйымдастыру және бақылау тікелей командирлерге (бастықтарға) жүктеледі.

      56-3. Сыныпты мамандарды даярлау кезінде ИТҚ орындайтын негізгі міндет барлық сыныптағы инженерлік-техникалық құрамның өздерінің функционалдық міндеттерін білуі және оларды орындау бойынша кәсіби дағдыларды игеруі болып табылады.

      56-4. Жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге қарау кезінде өзгеде тең шарттар болған кезде, сыныптық біліктілігі неғұрлым жоғары ИТҚ маманы басым құқыққа ие болады.

      56-5. Сыныптық біліктілігін беру туралы бұйрық жеке құрамға салтанатты жағдайда, осы Қағидаларға 11, 14-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сыныптық маман куәлігі мен кеуде белгісін бере отырып, жарияланады.

      56-6. ИТҚ мамандарының инженерлік-техникалық даярлығы деңгейінің сәйкестігін анықтау үшін сыныптық біліктілік беру бойынша біліктілік комиссиялары құрылады. Комиссия құрамы бесеуден кем емес және жетіден аспайтын адамнан тұратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және авиациялық бөлім командирінің бұйрықтарымен бекітіледі.

      56-7. Ұсынымдар мен басқа да материалдар (сыныптық біліктілік сынақтарына дайындықты бақылау карточкасы, кәсіби даярлықты тексеру ведомосінен үзінді көшірме, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес авиациялық техниканы білуін тексеру актісі, сыныптық біліктілікті беруге (растауға) арналған тізім) шешім қабылдау және сыныптық біліктілікті беру (растау, төмендету, алып тастау) туралы бұйрық шығару үшін тиісті біліктілік комиссияларына жіберіледі.

      56-8. "ІІІ сыныпты ИТҚ маманы" сыныптық біліктілігі қызмет өткерудің барлық кезеңіне беріледі.

      56-9. ИТҚ мамандары "ІІІ сыныпты ИТҚ маманынан" басқа сыныптық біліктілігін:

      "ІІ сыныпты ИТҚ маманы" - жыл сайын;

      "І сыныпты ИТҚ маманы" - 2 жылда бір рет;

      "ИТҚ шебер - тәлімгері" - 56-12-тармақта көрсетілген жағдай орын алған кезде растайды.

      56-10. Белгіленген мерзімде дәлелді себептерге байланысты (емделу, демалыста, іссапарда, қарамағында болу және тағы басқа) сыныптық біліктілігі анықталмаған ИТҚ мамандары өзінің сыныптық біліктілігін растайды.

      56-11. ИТҚ мамандарына сыныптық біліктілігі егер олардың кінәсі бойынша:

      1) авиациялық техникада апат болса;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиацияны инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету тәртіптерін бұзылса;

      3) авиациялық техниканы жөндеу кезінде ақауға жол берілсе;

      4) авиациялық оқиғаның алғышарты анықталса, "ІІІ сыныпты ИТҚ маманына" дейін төмендетіледі.

      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау "ІІІ сыныпты ИТҚ маманы" сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі.

      56-12. Сыныптық біліктілікті беру (растау) кезінде ИТҚ мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы бекіткен Инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының инженерлік-техникалық даярлық бағдарламаларының көлемінде тексеріледі.

      56-13. Сыныптық біліктілік беруге (растауға) теориялық білімі мен практикалық дағдыларын, жауынгерлік даярлықты бақылау тексеруді "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес тапсырған ИТҚ мамандары ұсынылады.

      ИТҚ жауынгерлік даярлауға тактикалық, дене шынықтыру, саптық, атыс даярлығы және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау кіреді.

      56-14. Сыныптық біліктілікке сынақ тапсыруға (растау, жоғарылату) ниет білдірген ИТҚ мамандары кезекті оқу кезеңінің алғашқы айы ішінде ол туралы команда бойынша еркін түрде баянат береді. Күнтізбелік жыл ішінде кандидатты кезекті сыныптық біліктілікті беруге бір рет қана ұсынуға жол беріледі.

      56-15. Сыныптық біліктілікті беру, растау үшін мынадай кәсіби деңгейді көрсету қажет:

      "ІІІ сыныпты ИТҚ маманы" - сыныптық біліктілігі жоқ, барлық тексерілген пәндер бойынша "қанағаттанарлықтан" төмен емес баға алған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ ИТҚ мамандары.

      "ІІ сыныпты ИТҚ маманы" - барлық тексерілген пәндер бойынша кем дегенде 50%-ы "жақсыдан" төмен емес баға алған ІІІ сыныпты ИТҚ мамандары.

      "І сыныпты ИТҚ маманы" - барлық тексерілген пәндер бойынша кем дегенде 50%-ы "өте жақсыдан" төмен емес баға алған ІІ сыныпты ИТҚ мамандары.

      "ИТҚ шебер - тәлімгері" - барлық тексерілген пәндер бойынша кем дегенде 80%-ы "өте жақсыдан" төмен емес баға алған І сыныпты ИТҚ мамандары.

      ИТҚ сыныптық біліктілігін беру ретімен жүргізіледі.

      56-16. Ұлттық ұлан авиациясының басқарушы инженерлік-техникалық құрамы өз мамандығы бойынша әрбір ИТҚ санаты үшін теориялық сұрақтар мен практикалық жұмыстардың бірыңғай тізбесін жасайды. Тізбеде бақылау және сынақ тақырыптары көрсетіледі.

      Сұрақтардың, бақылау және сынақ тақырыптарының тізбесін Ұлттық ұлан авиациясының Бас инженері бекітеді.

      56-17. Сыныптық біліктілігін айқындау үшін ИТҚ мамандарының дайындығын бақылауды тікелей бастықтар тоқсан сайын бақылау және сынақ тақырыптарын білуін тексеру, сондай-ақ авиациялық техниканы пайдалану және тренажерлық жұмыстарды орындау барысында практикалық жұмыстарды орындау сапасын бағалау арқылы жүзеге асырады.

      Сынақ тақырыптарын білуі авиациялық техникаға байқау жүргізу, бөлімшелер мен бөлімдерді жоспарлы тексеру кезінде мамандардың авиациялық техникада жұмыстарды орындау сапасын бағалау, теориялық білімін тексеру арқылы бағаланады.

      56-18. Сыныптық біліктілігін айқындауға ИТҚ мамандарын даярлау (бақылау және сынақ тақырыптарын тапсыру) барысын есепке алу үшін әрбір ИТҚ маманына осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес сыныптылыққа сынауларға даярлығын бақылау карточкасы жүргізіледі.

      56-19. ИТҚ теориялық білімі және практикалық даярлық деңгейінің тиісті сыныптық біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкестігі арнайы және бақылау тексерістерін жүргізу арқылы анықталады.

      ИТҚ мамандарының практикалық дағдыларын бағалау осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес сыныптылыққа сынауларға даярлығын бақылау карточкаларын талдау арқылы жүргізіледі.

      56-20. Теориялық білімін арнайы және бақылау тексеру кезінде ИТҚ мамандарының:

      1) авиациялық техниканы ИТҚ ЖДК сәйкес әуе кемесінің пайдаланылатын үлгісін техникалық пайдалану жөніндегі басшылық көлемінде;

      2) пайдаланылатын әуе кемесінің үлгісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылықты;

      3) инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттарды білуі тексеріледі.

      56-21. ИТҚ мамандарына сыныптық біліктілікті:

      "ИТҚ шебер - тәлімгері" сыныптық біліктілігін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      "І сыныпты ИТҚ маманы", "ІІ сыныпты ИТҚ маманы" сыныптық біліктілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы;

      "ІІІ сыныпты ИТҚ маманы" сыныптық біліктілігін авиациялық бөлімнің командирі беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға құқылы.

      56-22. Сыныптық біліктілігі бар ИТҚ мамандарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы авиациясының басшылық инженерлік-техникалық құрамы жүзеге асырады.

      Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып, әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне енгізіледі.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 14 және 15-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі міндетін
атқарушының
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 350 бұйрығына
1-қосымша
Ішкі істер органдарының
қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне
сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау
қағидаларына
14-қосымша
  форма

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық
құрамының әскери қызметшілеріне арналған
"ИТҚ ШЕБЕР –ТӘЛІМГЕРІ"
кеуде белгісі



Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы инженерлік-техникалық
құрамының әскери қызметшілеріне арналған
"ИТҚ МАМАНЫ" (1, 2, 3 - сыныпты маман)
кеуде белгісі







  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі міндетін
атқарушының
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 350 бұйрығына
2-қосымша
Ішкі істер органдарының
қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне
сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау, төмендету
және алып тастау қағидаларына
15-қосымша

Авиациялық техникалық білімін тексеру
АКТІ

      Мынадай құрамдағы комиссия:

      Төраға: __________________________________________________________

      Комиссия мүшелері: _______________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ________ "___" ___________ 20__ жылғы әскери бөлім командирінің бұйрығы негізінде 20___ жылғы ________ мен ________ аралықта Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын басшылыққа ала отырып, сыныптық біліктілікті беруге (растауға) әскери қызметшілерді сынақтан өткізді және олардың қызметтік карточкаларын қарап шықты.

      Сынақ нәтижелері негізінде комиссия мынадай қорытынды шығарды:

Әскери атағы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Алдыңғы берілген сыныптық біліктілігі

Білімін бағалау

Комиссияның қорытындысы

АТ және қауіпсіздік шаралары

ТҚН, ТПН

ИАҚҚ











      Төраға: __________________________________________________________

      (әскери атағы, Т.А.Ә. болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________

      (әскери атағы, Т.А.Ә. болған жағдайда)

      201___ жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады