"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген, ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 маусымда № 15259 болып тіркелді

      "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген, ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыстың бөлігі) болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз және электрондық түрде осы бұйрықтың көшірмелерін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 147 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

р/с

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

Букмекерлік кеңсе үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

1. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Тотализатор үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Казино үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-бөлігіне сәйкес үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт

Ойын автоматтары залы үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-бөлігіне сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізінде үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

      Ескертпе:

      * өтініш берушілер мәліметті "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);

      ** өтініш берушілер мәліметтерді "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 147 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және
өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды
негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыстың бөлігі) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Ғимараттың мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5






  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 147 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

Сериялық нөмірі

Шығарушы ел мен зауыт

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, берген орган

Жабдықтарды
тестілеу күні

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі

Белгіленген ұтыс коэффиценті (ойын автоматтыры үшін)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14
















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады