"Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15273 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 № ҚР ДСМ-180/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "АИТВ инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 11 мамырдағы
№ 272 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
13-қосымша

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметттің стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құжаттарды қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес);

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 1 жұмыс күн ішінде (Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес).

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы қол қойған немесе көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының ЭЦҚ куәландырылған "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген бекітілген № 086/е нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің медициналық анықтамасы (бұдан әрі – Анықтама).

      Көрсетілген қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде дәрігердің бос уақытын, көрсетілетін қызметті беруші дәрігерлерінің кестесіне сәйкес рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау және клиникалық-зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі ұсынылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайында орналастырылады.

      Ақы төлеу көрсетілетін қызметті берушінің шотына қолма қол ақшамен немесе қолма қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13392 болып тіркелінген) демалыс және мереке күндерінен басқа, үзіліссіз дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін қажет);

      2) мемлекеттік қызметті көрсетілген үшін төлемді растайтын құжат.

      10. Мемлекеттік қызметтің стандартымен көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттардың пакетін және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды қызмет алушы ұсынған жағдайда қызмет беруші өтінішті қабылдаудын бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оны тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі. Көрсетілітін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.

      Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының интернет-ресурстарында сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарың интернет-ресурстарында орналастырылған.

      14. Көрсетілген қызметті алушының байланыс телефоны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Приложение
к стандарту государственной
услуги "Прохождение
предварительных обязательных
медицинских осмотров"

      А5 форматы

      Формат А5

КҰЖЖ бойынша ұйым коды
Код организации по ОКПО _______________

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
"23" қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
№ 086/е нысанды медициналық құжаттама

Ұйымның атауы
Наименование организации

Медицинская документация
Форма № 086/у утверждена приказом и.о.
Министра здравоохранения Республики Казахстан
"23" ноября 2010 года № 907

      Жоғары оқу орындарына, колледждерге, орта арнаулы оқу орындарына, кәсіби-

      техникалық, техникалық училищелерге түсушілерге, жұмысқа орналасатын

      жасөспірімдерге толтырылатын (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)

МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА МЕДИЦИНСКАЯ СПРАВКА

      (врачебное профессионально-консультативное заключение)

      заполняется на абитуриентов, поступающих в высшие учебные заведения, колледжи,

      средние учебные заведения, профессионально-технические, технические училища и

      поступающих на работу

      от 20____жылғы (года) "_____" __________________ күнінен

      ________________________________________________________________________________

      1. Берілді (Выдана)

      ________________________________________________________________________________

      анықтама берген ұйымның атауы мен мекенжайы (наименование и адрес организации,

                                    выдавшей справку)

      ________________________________________________________________________________

      2. Анықтама берілетін оқу, жұмыс орнының атауы (Наименование учебного заведения, куда

      представляется справка) __________________________________________________________

      2.1 Анықтама берілетін жұмыстың атауы (Наименование работы, куда представляется правка)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Тегі, аты, әкесінің аты (Фамилия, имя, отчество) (при его наличии)

      ________________________________________________________________________________

      4. Жынысы (Пол) Е.(М), Ә.(Ж)

      5. Туған күні (Дата рождения) ______________________________________________________

      6. Мекенжайы (Адрес местожительста) ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Бастан өткерген аурулары (Перенесенные заболевания)_______________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Зерттеп-қарау кезіндегі объективті деректер мен денсаулық жағдайы (Объективные данные

      и состояние здоровья на момент обследования):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      терапевт________________________________________________________________________

      хирург__________________________________________________________________________

      невропатолог____________________________________________________________________

      көз дәрігері (окулист)_____________________________________________________________

      отоларинголог___________________________________________________________________

      басқа мамандар (другие специалисты)_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. Рентгенологиялық (флюорографиялық) зерттеп-қарау деректерi (Данные

      рентгенологического (флюорографического) обследования)_____________________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Зертханалық зерттеулердің деректері (Данные лабораторных исследований)____________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Сақтандыру екпелері (күнін көрсету) (Предохранительные прививки (указать дату)) _____

      ________________________________________________________________________________

      12. Кәсіби жарамдылығы туралы дәрігерлік қорытынды (Врачебное заключение

      о профессиональной пригодности)__________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Анықтама толтырған адамның қолы (Подпись лица, заполнявшего справку)

      ________________________________________________________________________________

      Емдеу-профилактикалық ұйымының бас дәрігерінің қолы (Подпись главного врача

      лечебно-профилактической организации) ___________________________________________

      Мөр орны ________________________________________________________________

      Место печати
      Ескерту: жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына түсушілерге кәсіби
      жарамдылығы туралы орытынды тұлғаларды медициналық сұрыптау туралы
                        әдістемелік нұсқаулар тізбесіне сәйкес берілді
      Примечание: заключение о профессиональной пригодности и определение сроков
      годности справки даются в соответствии с перечнем методических указаний по
      медицинскому отбору лиц, поступающих в высшие учебные заведения и средние
                  специальные учебные заведения или поступающих на работу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады