"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 маусымда № 15283 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында № 7 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      1. "Медициналық ұйымдар" бөлімінің:

      1. "Басшылардың лауазымдары" параграфының:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымының басшысы" кіші бөлімінің үшінші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы ̶ жоғары фармацевтикалық немесе жоғары медициналық немесе жоғары экономикалық білімі, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның немесе жоғары медициналық білімі бар тұлғалар үшін "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы және басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін – жоғары медициналық немесе жоғары экономикалық білімінің немесе ақпараттық жүйелер мен технологиялар, есептеуіш техникасы және бағдарламалық жасақтама саласындағы жоғары білімінің болуы, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеуіш техникасы және бағдарламалық жасақтама", "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның немесе жоғары медициналық білімі бар тұлғалар үшін "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы және басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;";

      1. "Денсаулық сақтау ұйымының басшысы" кіші бөлімінің үшінші бөлімінің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін: жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойынша), "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша сертификаттың болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның (қайта даярлау) және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің "Қоғамдық денсаулық сақтау" "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.";

      4. "Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары" кіші бөлімінің үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар. Кәсіби жоғары білімнің және кәсіби қызметі бойынша басшылық лауазымдарында кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.";

      4. "Басқа қызметкерлер" параграфының:

      38. "Медициналық тіркеуші" кіші бөлімінің екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары білімі және жұмыс өтіліне талаптарды қоюсыз немесе техникалық және кәсіби (арнаулы орта, кәсіби орта) медициналық білімі немесе жалпы орта білімі және жұмыс өтіліне талаптарды қоюсыз 3 айдан кем емес мерзім ішінде жеке оқыту.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      2017 жыл 29 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады