ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:
1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;
6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның төрағасы болып орталық атқарушы органның жауапты хатшысы айқындалады.
Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Осы Қағидалардың 21 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады."
жаңа 85-1 және 85-2-тармақтармен толықтырылсын:
"85-1. Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Егер техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса қажетті материалдық және еңбек ресурстары құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттамада құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлім болмаған жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде осындай қажеттілікті көрсететін құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесі әзірленеді және жобалаушымен келісіледі.
Бұл ретте құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесінде әлеуетті өнім берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы туралы талап көрсетіледі. Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерінің көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысын қоса атқаруға жол берілмейді.
85-2. Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді көрсету жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшелікте тұрақты негізде онда жұмыс істейтін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің әлеуетті өнім берушілерде болуы туралы талап көрсетіледі. Аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.";
119-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) шарттың күшіне енген және конкурс жеңімпазы Заңның 26-бабына сәйкес шарттың орындалуын және (немесе) соманы қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.";
140-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.";
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы;
конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталды;
3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.";
155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"174. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.";
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.";
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"177. Осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң бағасы конкурсқа бөлінген бағасынан елу пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.";
378-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.";
426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"426. Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;
2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;
3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелген Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.";
426-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"426-1. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;
2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;
3) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактіралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;
4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтеры үшін ақы төлеуі.
Осы тармақтың талаптары Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшалардың талаптары есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.";
Қағидалардың 4-қосымшасына:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына КҚ белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиісті;";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігін не Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында таңдауы мүмкін.
Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.";
Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша, Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 4-қосымшасының:
Конкурсқа қатысу туралы келісімінің жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Біздің өтініміміз конкурстың жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.";
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 9-қосымша алынып тасталсын;
Қағидаларға 9-қосымша:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Тапсырыс берушілер олар болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін;";
Аукциондық құжаттамаға 2-қосымша осы Бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Аукциондық құжаттамаға 7-қосымша алынып тасталсын;
Қағидаларының 17-қосымшасында:
Бір көзден алу/тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу қорытындысы туралы есепте "* бұл мәтін осы Қағидалардың 360-тармағы 2-1) тармақшасында және 378-4-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі." мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"* бұл мәтін осы Қағидалардың 360-тармағы 4) тармақшасында және 378-4-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі.";
Қағидаларының 22-3-қосымшада:
Көрсетілген қызмет актісінің Шарт бойынша ақпарат кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Шарт бойынша ақпарат | |||||||||||
1 | Жалпы мәлімет | ||||||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | ||||||||||
3 | Осы акті бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтер (болған кезде техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде қызметтердің атауы)*** | ||||||||||
Атауы* | Қызмет көрсету күні/кезеңі | Өлшем бірлгі* | Саны* | Баға, теңге* | Сома, теңге* | ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп (күні, нөмірі, парақтар саны) (болған жа,дайда)**** | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||
1 | |||||||||||
… | |||||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома*** |
";
Қағидаларының 22-4-қосымшасы осы Бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларының 22-5-қосымшасы осы Бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 1-қосымша |
|
"Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі
(тапсырыс беруші үшін)
Конкурстың № ______________________
Конкурстың атауы ____________________
Лоттың № ___________________________
Лоттың атауы _____________________________
Көрсете отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
Техникалық тапсырмада оларды әзірлеу туралы жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және ұлттық емес стандарттарына (олар болған кезде) сәйкес материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетілуі мүмкін.
Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды, қызметтерді пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.
Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
Орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 2-қосымша |
|
"Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші жұмысты орындау кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың № ________________
Электрондық конкурстың атауы ____________
Лоттың №_____
Лоттың атауы ____________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ___________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ______________________
2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.
Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмысты аяқтау жылы, айы | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі | Шарттың құны, теңге |
3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының не жұмыстарды орындау үшін қажетті ұқсас құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының атауы | Бар бірліктерінің саны | Ахуалы (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі |
4. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек ресурстары туралы мәліметтер
Р/с № | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Лауазымы | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсету керек, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескерту:
1. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді;
2. Егер конкурстың нысанасы жаңа объектілер салу, сондай-ақ бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда объектілерді пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады (егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде тәжірибесі болса орындалған жұмыстарды қабылдау немесе объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі не осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетілген, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны ұсынады).
3. Егер жобалау-сметалық құжаттама сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады;
4. Конкурс мәні құрылыспен, жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттармен байланысы жоқ жұмыстардың өзге түрлері болып табылған жағдайда орындалған жұмыстардың актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.
5. Егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі;
6. Егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі;
7. Егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі
8. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе сәйкестігі) және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған олардың техникалық күрделілігіне сүйене отырып есептеледі.
9. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыстың аяқталатын жылы танылады.
10. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады;
11. Жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді жалға алу құқығын растаушы құжат жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте, шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен аз болмауы тиіс.
12. Жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді қосалқы жалға алу шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді;
13. Материалдық ресурстары болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жататын құрылыс машиналарына, тетіктер мен автокөлік құралдарына ғана қолданылады.
14. Әлеуетті өнім берушіге жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылыс ұйымының жобасы) тиісті бөлімінде не еңбек ресурстарының тізбесінде көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жататын өз құрылыс машиналарының, тетіктер мен автокөлік құралдарының, бірақ үш бірліктен аспайтын негізгі түрлерінің болуы туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл ретте, нақты түрлерге байланыстырмастан, өз құрылыс машиналарының, тетіктер мен автокөлік құралдарының санына ғана талап көрсетіледі.
15. Конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының және әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінде ұсынылған құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының бір-бірін ауыстыруы жобалаушымен келісіледі.
16. Жобалау-смета құжаттамасы болмаған жағдайда жабдықтардың, құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының бір-бірін ауыстыруын сараптама комиссиясы не сарапшы айқындайды.
17. Егер конкурстың мәні құрылыс, кеңейту, техникалық қайта қарулану, бар объектілерді жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, сондай-ақ жобалау болып табылса, еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін беру туралы талап онда тұрақты түрде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерге ғана қолданылады.
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің штатында аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкердің болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген біліктілік аттестатының электрондық көшірмесі болып табылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 3-қосымша |
|
"Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы ______________________
Лоттың №___________________________
Лоттың атауы ________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ___________________
2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.
Қызметтің атауы | Қызметті көрсеткен орны | Тапсырыс берушінің атауы | Қызметті көрсеткен жылы | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі | Шарттың құны, теңге |
3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтардың, машиналардың, тетіктер мен автокөлік құралдарының не ұқсас (сол сияқты, қосымша) жабдықтардың болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Жабдықтың (материалдардың), машиналар мен механизмдердің және автокөлік құралдарының атауы | Қолда бар бірліктердің саны (дана) | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі |
4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.
Р/с | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі (өтіл бойынша талап болған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | Мамандығы бойынша санаты, разряды сыныбы |
егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескерту:
1. Егер осы конкурста қызметтерді көрсету тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.
2. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.
3. Жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді және автокөлік құралдарын жолдау құқығын растайтын құжат жалдау құқығының электорндық көшірмесіне алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем болмауы тиіс.
4. Жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді және автокөлік құралдарын қосалқы жалдау шарттарының электрондық көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.
5. Бір жылдан астам мерзіммен шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтердің аяқталу жылы танылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 4-қосымша |
|
"Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша |
Банктік кепілдік
Банктің атауы ___________________________________________________________________
Банктің деректемелерi ____________________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы _________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi __________________________
№ _______ кепілдік міндеттеме
____________________________ "_____"___________ ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" ____________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
______________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған _____________ сатып алу жөніндегі
конкурсқа қатысатынынан және
_______________________________________________________________________________
(конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы)
тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді)
жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі
___________ ж. "____"________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді
банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз _________________________________ осымен
(банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған немесе екінші орын алған Өнім берушіге:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес сомасы (болған кезде), жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге
_________________________________
(сома санмен және жазбаша)
сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
Егер конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 5-қосымша |
|
"Аукциондық құжаттамаға 2-қосымша |
Аукциондық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі
Аукционның №____________________________
Аукционның атауы_________________________
Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
Тапсырыс берушілер ол болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
Бұл ретте техникалық ерекшелік техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы керек екендігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 6-қосымша |
|
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-4-қосымша |
Сатып алынатын Тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп
Товардың | Шартты орындау мақсатында өнім беруші сатып алған тауарлар саны | Тауар бағасы KZT |
Құны |
СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚ үлесі | СТ-KZ сертификаты | Ескертпе | |
Нөмірі | Берілген күні | ||||||
1 | |||||||
n | |||||||
ЖИЫНЫ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген (Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (бұдан әрі - Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі) 4-тармағына сәйкес тауарларды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтымды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
i - тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
СТi - i-ші тауардың құны;
Мi – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта (бұдан әрі - "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат) көрсетілген тауардағы жергілікті қамтым үлесі;
Мi = 0, егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда;
S – шарттың жалпы құны.
Жергілікті қамтым үлесі (%):
*ЖҚт = ___________
* шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі
_________________________ М.О. __________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты,
байланыс телефоны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрыққа 7-қосымша |
|
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-5-қосымша |
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша есеп
Шарттың |
Шарттың құны |
Шарт шеңберіндегі тауарлардың жиынтық құны (СТj) |
Шарт шеңберіндегі қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық сомасы (ССДj) |
j-шартты (Rj) орындайтын қазақстандық еңбек ақы төлеу қорының үлесі | Тауардың р/с № (n) | Өнім беруші шартты орындау мақсатында сатып алған тауарлардың саны |
Тауардың бағасы |
Құны | СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚС үлесі (Мi) % | СТ-KZ сертификаты | Ескертпе | |
Нөмірі | Берілген күні | |||||||||||
1 | 1 | |||||||||||
2 | 2 | |||||||||||
m | n | |||||||||||
ЖИЫНЫ |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтымды (бұдан әрі - ЖҚж/қ) есептеу Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
m – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шарт, мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы шарттарды қоса алғанда жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;
j - жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған шарттардың реттік нөмірі;
СДj – j-шартының құны;
СТj – j-шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарлардың сомалық құны;
ССДj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлер шарттарының сомалық құны;
Rj – j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі
n – j -шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарлар атауының жалпы саны;
і - j -шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Жі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Жi = 0, егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда;
S - шарттың жалпы құны
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі, есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұнда:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
Шарттағы жергілікті қамту үлесі (%):
____________________________ М.О.
Басшының тегі, аты, әкесінің аты,
**ЖҚж/қ = __________
** шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі (0,00)
_______________________________________________________
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны"