"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 15343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10469 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Порттар, әуежайлар саласында:

      теңіз портының қызметтері:

      кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбыржолдар арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер;

      әуежайлардың көрсетілетін қызметтері:

      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;

      халықаралық бағыттарды қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрi

      _____________ А.Мырзахметов

      2017 жылғы 14 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 15 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 16 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады