Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 11.02.2019 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы полиция генерал-лейтенанты |
М. Демеуов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2018 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау . Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 188 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15129 болып тіркелді) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыру.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушының тапсырған құжаттарын қабылдау, онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын, сондай-ақ құжаттарды стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін жиырма минут ішінде тексеру;
2) мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде Мемлекеттік корпорациядан түскен күні он минут ішінде тіркеу;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының орындаушыны таңдауы он минут ішінде Мемлекеттік корпорациядан түскен күні;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісу үшін көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы және шақырылатын адам туралы ақпаратты "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесіне Мемлекеттік корпорациядан түскен күні бір сағат ішінде енгізу;
5) Мемлекеттік корпорациядан түскен күні бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен шақырылатын адамды стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бар-жоғына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық деректер базасы (бұдан әрі – АДБ) арқылы қашықтықтан қолжеткізу арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тексеруі;
6) материалдарды ҚР ҰҚК келісу "Бүркіт-ІІМ" жүйесі арқылы үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабардар етеді, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады;
7) орындаушының АДБ арқылы тексеру нәтижелерінің негізінде және ҚР ҰҚК келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ҚР ҰҚК-ден түскен күні бір сағат ішінде ресімдеуі;
8) ҚР ҰҚК-ден түскен күні он минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруға келісімке немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және елтаңбалы мөрмен куәландырады;
9) орындаушының Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақырудың тіркеу нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі туралы деректерді "Бүркіт-ІІМ" жүйесіне ҚР ҰҚК-ден түскен күні бір сағат ішінде енгізуі;
10) ҚР ҰҚК-ден түскен күні үш сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1) жиырма минут ішінде құжаттарды қабылдау, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығы мен шынайылығын тексеру;
2) қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациядан түскен мемлекеттік қызметті алуға өтінішті он минут ішінде келіп түскен күні тіркеу;
3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының орындаушыны таңдауы;
4) орындаушының үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарды тексеруі және ҚР ҰҚК-мен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болмауын келісуі;
5) ҚР ҰҚК-ден түскен күні бір сағат ішінде орындаушының тексеру және келісу нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі;
6) ҚР ҰҚК-ден түскен күні он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші бастығының Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
7) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақырудың берілген күні мен жарамдылық мерзімін және тіркеу нөмірін "Бүркіт-ІІМ" жүйесіне ҚР ҰҚК-ден түскен күні бір сағат ішінде енгізуі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1) жиырма минут ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
4) қабылданған құжаттар қарау үшін көрсетілетін қызметті берушіге бір жұмыс күні ішінде жолданады;
5) қабылдаған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жеткізгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының тәртібі осы регламенттің 2-тарауы 6-тармағының 1)-9) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызметкері Мемлекеттік корпорацияға стандартта көзделген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын жолдайды.
10. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларын не көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын "терезе" арқылы жүзеге асырады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Қазақстан Респуликасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне Қосымша |