"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15420 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-28) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Авиация персоналын (бұдан әрі – авиация персоналы) кәсіптік даярлау тәртібін және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:

      1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;

      2) авиация персоналын қайта даярлауды;

      3) авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдауды қамтиды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Авиация персоналын кәсіптік даярлау тәртібі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклі қамтамасыз етіледі."

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады