"Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15431 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11935 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімшілік орган үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды. Әкімшілік орган құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Әкімшілік орган өтінішті одан әрі қараудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсат алу үшін кажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптырына сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе рұқсат алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) оның негізінде өтініш беруші рұқсатты алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.".

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      1 шілде 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      27 маусым 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 13 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар
түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк
органның ғылыми ұйымы
кімнен _____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның (дара кәcіпкердің)
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мекенжайы__________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны)
деректемелері________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын

      __________________________________________________________________________

                              (қажеттісінің астын сызу)

1.

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер)


2.

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


3.

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


4.

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


5.

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды)


6.

Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса)


7.

Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса)


8.

Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні


9.

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн "___"________________20____жыл.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (болған жағдайда) орны)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 13 маусымдағы
№ 239 бұйрығына
2-қосымша
  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар
түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті кімнен
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның (дара
кәcіпкердің),
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
  мекенжайы__________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны)
деректемелері________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын

      __________________________________________________________________________

                              (қажеттісінің астын сызу)

1.

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер)


2.

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


3.

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


4.

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


5.

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды)


6.

Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса)


7.

Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса)


8.

Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні


9.

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн "___"________________20____жыл.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (болған жағдайда) орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады