"Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15433 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау кезінде жануарларды аулаудың жол берiлетiн шектi көлемiн айқындау үшiн популяция өсiмiн болжау әдiсi пайдаланылады. Кейiннен, әрбір шаруашылықта жануарларды аулаудың көлемiн кәсіпшілік қарсаңында есепке алу, олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, алудың оңтайлы көлемі, климаттық және әлеуметтiк факторлар деректерiне түзету енгізе отырып, өзгерту қажет.

      Әзірленетін биологиялық негiздемелер шеңберінде жануарлар дүниесi объектілерін жыл сайынғы мониторингтеу және есепке алу қорытындылары аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының қатысуымен қаралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады