Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 6) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1) бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау органдары туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12000 тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелері бекітілсін";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
Аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Ж. Асанов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 70 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдары академиясына
Оқуға қабылдау ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына Оқуға қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына (бұдан әрі – Академия) магистратура мен докторантураға оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Академия магистранттарының және докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Магистратура мен докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 10-30 шілде аралығында жүргізіледі.
5. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.
6. Құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері Академия ректорының шешімі бойынша ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін.
2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
7. Академияның магистратурасына жоғары білімнің кәсіби білім беру бағдарламаларын игерген, құқық қорғау қызметiндегi өтiлi бір жылдан кем емес құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
8. Академияның докторантурасына "магистр" академиялық дәрежесі бар және құқық қорғау қызметiндегі өтiлi үш жылдан кем емес құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
9. Академияның магистратурасы мен докторантурасына құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін Академия ректорының бұйрығымен бекітілетін қабылдау комиссиясы құрылады.
10. Қабылдау комиссияның құрамы төрағадан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен құрылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Академияның қызметкері тағайындалады.
11. Қабылдау комиисиясы:
1) Қабылдау комиссиясы осы Ереженің 14, 15-тармақтарында көрсетілген оқуға түсуге үміткерлер ұсынған құжаттарды зерделейді және үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды;
2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қарастырады;
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін жасайды;
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
5) оқуға үміткерлерді қабылдау нәтижелерін талдайды және жұмысты бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтайды.
12. Қабылдау комиссиясының жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілікке байланысты жүргізіледі.
13. Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен рәсімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған жағдайда дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады.
14. Академияның магистратурасына оқуға түсетін үміткерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарын жолдайды:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
2) жоғары білімі туралы құжат пен оның қосымшасының көшірмесі;
3) осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (олар бар болған жағдайда) көшірмесі;
4) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
5) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар бар болған жағдайда);
7) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
8) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
9) шет тілі бойынша тестілеуден өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.
15. Академияның докторантурасына оқуға түсетін үміткерлер қабылдау комиссиясына құжаттарын жолдайды:
1) осы Ереженің 14–тармағының 1), 3) – 9) тармақшаларында айтылған;
2) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі.
16. Қабылдау комиссиясының хатшысы үміткерге құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда қолхат береді.
17. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау осы Ереженің 14, 15- тармақтарына сәйкес болған жағдайда іске асырылады.
3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
18. Академияда магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезеңінде құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітілетін мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
19. Емтихан комиссиясы мамандық бойынша емтиханды жүргізу үшін құрылады және құрамы төрағадан, комиссия хатшысынан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі бейіні бойынша доктор немесе заң ғылымдарының докторы болуы қажет. Емтихан комиссиясының төрағасы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Емтихандарды қабылдау нәтижелері бойынша емтихан комиссиясы еркін нысанда хаттама толтырады, хаттамаға емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.
20. Академияға магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер келесі түсу емтихандарын тапсырады:
1) шетел тілінен (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз тілі).
2) мамандығы бойынша.
Мамандығы бойынша емтиханға шетел тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.
21. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламалары жоғары білім пәндері бойынша үлгілік білім беру бағдарламалары негізінде жасалады.
Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары магистратураның кәсіби оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
22. Шетел тілдерін Жалпыевропалық құзіреттілікке (стандарттарға) сәйкес меңгерген, шет тілдерді меңгергендігін куәландыратын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсетін үміткерлер магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша мынадай емтихандардан босатылады:
Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 337 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0);
Неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);
Француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В1 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 300 балл).
23. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
24. Магистратураға және докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан алдыңғы білім деңгейінің кәсіби оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі. Мамандық бойынша емтихан қабылдау түрін Академия дербес анықтайды.
25. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
26. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің, емтихан материалдарының мазмұнымен, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін арыздарды қабылдайды және қарайды.
27. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.
28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
29. Емтихан және апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.
4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
30. Магистратураға, докторантураға оқуға мамандық бойынша емтихан нәтижесі ең жоғарғы балл (осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады.
31. Балл жиынтығы тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жоғары үміткерлер басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдап алынған бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері есепке алынады: ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы; ғылыми зерттемелері туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар.
32. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
33. Академия магистратураға және докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша білім беру қызметтерін көрсету жөнінде келісім-шарт жасасады.
34. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.
35. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте шешеді.
Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелеріне 1-Қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясының ректоры
_______________________________
(ректордың Т.А.Ж. (ол бар болған жағдайда)
_______________________________
(оқуға түсуге үміткердің Т.А.Ж.
(ол бар болған жағдайда),
сыныптық шені/біліктілік
сыныбы/арнайы атағы, лауазымы,
телефоны)
Баянат
Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясының ________________________________________________________
(шифр және мамандық атауы)
мамандығы бойынша магистратурасына/ PhD докторантурасына (керегінің астын сызу) оқуға
түсу үшін оқуға түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын, шет тілі бойынша
емтихан тапсыру тілі ___________________.
(емтихан тапсыру тілі)
оқуға түсуге үміткердің қолы
күні
Үміткерді магистратураға немесе докторантураға
оқуға жіберуші орган жетекшісінің келісім қолы
Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелеріне 2-Қосымша |
Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме
1. Оқуға түсуге үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда),
сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы.
2. Болжамды отандық кеңесшінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда),
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғарғы оқу орны.
3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі.
6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні.
8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы.
9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және
тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациядан өткізудің болжанатын
бағыттары.
Ескерту: Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік
техника құралдарының көмегімен 14 "Times New Roman" шрифті өлшемімен бір жоларалық
интервал арқылы үш парақтан кем емес көлемде басылады.
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
"Келісілген"
________________________________________________________________________________
(ғылыми кеңесшісінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелеріне 3-Қосымша |
|
Нысан |
Магистратураға/докторантураға оқуға түсуге үміткерден құжаттарды қабылдау жөніндегі Қолхат
(2 данада жасалады, 1- данасы құжат тапсырған адамға қол қою негізінде
тапсырылады, 2- данасы оқуға түсуге үміткердің жеке ісіне тіркеледі)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясы
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылы.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске
асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау
органдарының академиясына оқуға қабылдау ережесінің 14, 15 тармақтарына сәйкес
_______________________________________________________________________________,
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
жеке куәлік №________________________________
келесі құжаттар қабылданды:
1. __________________________________________ - ___ парақ саны.
2. __________________________________________ - ___ парақ саны.
3. __________________________________________ ___ парақ саны.
4. __________________________________________ - ___ парақ саны.
5. __________________________________________ - ___ парақ саны.
Құжаттарды қабылдады:
Қабылдау комиссиясының
хатшысы _____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
қолы
___ ___________ 20__ жылғы
Қолхатты алдым________ (Тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)
құжат тапсырушының қолы
Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелеріне 4 Қосымша |
Бағалаудың 100-балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесi
Бағалаудың 100-балдық шкаласы бойынша балдар | Бағалаудың 4-балдық шкаласы бойынша балдар |
95-100 | Өте жақсы (5) |
90-94 | |
85-89 | Жақсы (4) |
80-84 | |
75-79 | |
70-74 | Қанағаттанарлық (3) |
65-69 | |
60-64 | |
55-59 | |
50-54 | |
30-49 | Қанағаттанарлықсыз (2) |
0-29 |
Жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелеріне 5-Қосымша |
|
Нысан |
Білім беру қызметтерін көрсету келісім-шарты (магистратура/докторантуpa)
______________ 20 ___ жылғы "___"___________
(елді мекен атауы)
Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру қызметтерін көрсету
((магистратура/ докторантура (керегінің астын сызу)) келісім-шарты бір жағынан, Ақмола
облысы Целиноград ауданының Қосшы кенті мекен-жайы бойынша орналасқан (_____ жылғы
"____"_____ № ____ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігімен берілген ___ жылғы "___" _______ №_______________лицензия)
Академиясының атынан, қолданыстағы Жарғы негізінде әрекет етуші Академия ректоры
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________,
(лауазымы/сыныптық шені/ арнайы атағы/біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда)
бұдан әрi "Академия" деп аталатын және екінші жақтан, бұдан әрі "магистрант/докторант" деп
аталатын ________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы/сыныптық шені/ арнайы атағы/біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған жағдайда)
құқық қорғау органының қызметкері арасында төмендегілер туралы жасалды:
1. Келісім-шарт мәні
1. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша магистратураның/докторантурасының білім беру бағдарламалары негізінде білім алушының оқуын ұйымдастыру бойынша міндеттерді өзіне алады.
Мамандықтың шифры және атауы:_____________________________
Мерзімі __________________________________________________
2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Академия міндетіне алады:
1) конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
3) оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде магистрантқа/докторантқа лауазымдық жалақы төлеуге.
3. Академия құқылы:
1) магистранттан/докторанттан осы Келісім-шартқа, Академияның ішкі тәртіп қағидаларына және Жарғысына сәйкес міндеттерін адал және тиісті түрде орындауды талап етуге;
2) магистрантқа/докторантқа оқу және жеке жоспарын орындамағаны үшін, Академияның Ішкі тәртіптік ережелерін және Жарғысын бұзғаны үшін оқудан шығаруға;
3) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау мен аралық аттестациядан өткізу түрін белгілеуге.
4. Магистрант/докторант міндетті:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;
2) Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіптік ережелері мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың тәртібін сақтауға және орындауға;
3) отбасы жағдайы, тұрғылықты орны, телефоны өзгерген жағдайда жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап ол туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;
4) оқуды аяқтаған соң құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет етуге;
5) магистратурада/докторантурада білім алу кезеңінде келесідей жұмыстарды қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға:
жеке оқу жоспарын;
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысын (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі және нысаны);
тәжірибені (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және нысаны);
негіздемесі мен құрылымы бар магистрлік/докторлық диссертациялар тақырыптарын;
магистрлік/докторлық диссертацияларды орындау жоспарын;
ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспарын;
Академия бекіткен мерзімдерде жеке жоспардың орындалуы туралы есеп беруді;
аралық аттестаттаудан өтуді;
магистрлік/докторлық диссертацияларды даярлауды;
диссертацияны сараптамалық кеңеске ұсынуды;
қорытынды аттестаттаудан өтуді: кешенді емтихан тапсыруды, магистрлік/докторлық диссертацияны қорғауды орындауға.
5. Магистрант/докторант құқылы:
1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасымен көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық құрал-жабдықтарын пайдалануға;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, оның ішінде Академияның басылымдарына өзінің жұмыстарын ұсынуға;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша кез келген түрде (жазбаша, ауызша) ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар өз міндеттерін осы Келісімшартта көзделген жағдайларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапкершілікте болады.
7. Магистрант/докторант оқудан шығып кеткен не ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу құқығынан айырылады.
4. Дауларды шешу тәртібі
8. Тараптар осы Келісім-шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді және дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей қарайды.
9. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасасу арқылы шешілмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібінде шешеді.
5. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
10. Осы Келісім-шарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқуды аяқтағаннан кейінгі құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқарғаннан соң өзінің қолданылуын тоқтатады.
11. Осы Келісім-шарттың тәртібі тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
12. Осы Келісім-шарт бірдей заңды күші бар екі данада қазақ/орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы Академияда қалады, 2-данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тігіледі.
Магистрант/докторант: | Академия: |
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)______________________ |
Академия ректоры _____________ |
Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, Ішкі тәртіптік ережелерімен, осы Келісім-шартпен таныстым
____________________________________
(магистранттың/докторанттың қолы)