Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15497 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 379 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.06.2019 № 379 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-6-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      Қ. Қожамжаров_____________

      2017 жылғы 14 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 1 шілдедегі
№ 432 бұйрығымен бекітілді

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-6-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік авиация инспекторлары әуе кемелерінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысына қызмет көрсету бөлігінде арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары арасынан тағайындалады.

2-тарау. Уәкілетті органның және оның аумақтық органының лауазымды адамдарын мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына жатқызу тәртібі

      3. Мемлекеттік авиация инспекторлары санаттарына мыналар жатады:

      Комитеттің төраға орынбасарлары болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторлары;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторлары;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бас сарапшылары болып табылатын аға мемлекеттік авиация инспекторлары;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің сарапшылары болып табылатын мемлекеттік авиация инспекторлары;

      Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы болып табылатын бас мемлекеттік авиация инспекторы;

      Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының бас мамандары болып табылатын аға мемлекеттік авиация инспекторлары;

      Комитеттің Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясының жетекші мамандары болып табылатын мемлекеттік авиация инспекторлары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады