"Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 тамызда № 15521 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі бұйрықтың атауы өзгеріссіз қалады;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:

      "28. Жас төлдерді алты айлық жасынан бастап бонитирлеуден (бағалаудан) өткізеді. Жас төлдердің сыныбын мынадай белгілер кешені: тірілей салмағы, дене түзілімі мен сырт пішіні, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип), бұқашықтарды өз өнімділігімен бағалау,сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау шәкілін осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес белгілер кешені бойынша айқындайды.

      Бонитерлеу жүргізу мезгілінде алты айға толмаған жас төлдерді әрі қарай асыл тұқымды мақсатта сатқан жағдайда бонитерлеуге (бағалауға) жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жас төлдерді алты айлық жасынан бастап бонитерлеуден өткізеді. Жас төлдердің сыныбын мынадай белгілер кешені: тірілей салмағы, дене түзілімі мен сырт пішіні, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип), бұқашықтарды өз өнімділігімен бағалау, етті бағыттағы жас төлдерді бағалау шәкілін осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес белгілер кешені бойынша айқындайды.

      Бонитерлеу жүргізу мезгілінде алты айға толмаған жас төлдерді әрі қарай асыл тұқымды мақсатта сатқан жағдайда бонитерлеуге (бағалауға) жол беріледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бонитирлеу (бағалау) материалдарының негізінде толықтырушы жас төлдерді және асыл тұқымды малдарды сатып алу есебінен табындарды жасақтау жоспары жасалады. Асыл тұқымды малдар кітабына жазылатын малдарды бөліп көрсетеді. Бұқашықтарды өз өнімділігімен және бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалау жүргізудің келесі жылға арналған жоспары әзірленуде.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тұқымдық ерекшеліктері мен өнімділік деңгейіне қарай биязы жүнді қойларды үш класқа бөледі:

      1) элита класы – дене бітімі, өнімділік сапасы мен ерекшеліктері бойынша қойлардың тұқым стандарына толық сәйкес келетін, бірінші класс қойларынан кем дегенде 15%-ға артық малдар;

      "2) бірінші сынып – дене бітімі, өнімділік сапасы мен ерекшеліктері бойынша тұқым стандарты талаптарына сай келетін малдар. Шаруашылықтарда бірінші сыныптағы саулықтар төл алу және осы төлдерді шаруашылық жүргізудің кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы басқа шаруашылықтарға сату үшін қолданылады;

      3) екінші класс – тұқым стандартына толықтай сай келмейтін малдар. Өнімділіктері бойынша кейбір кемшіліктері бар (қысқа жүнді, жүн ұзындығы 8 см-ден аз), тірілей салмағы бойынша бірінші класс малдарынан кем түседі, алайда шаруа отарларында тауарлық өнім (жүн, ет) алуға, ал асыл тұқымды отарларда жақсартылған тұсақтарды алу және оларды тұқымға сатуға пайдаланылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бонитирлеуді (бағалауды) бастамастан бір ай бұрын Асыл тұқымды мал өсіретін әрбір шаруашылық бойынша ветеринариялық-санитариялық жағдайларын ескеріп, бағалауды өткізудің күнтізбелік жоспары жасалады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жартылай биязы жүнді қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін жазу және деректерін өңдеу үшін осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жартылай биязы жүнді қойларды бонитирлеу (бағалау) кілті бойынша шартты белгілер, осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жартылай биязы жүнді қойлардың негізгі селекцияланатын белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары және осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес жартылай биязы жүнді қойлардың жүн талшықтарының микрометрмен берілген жіңішкелік сыныбы қолданылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Негізгі селекциялық белгілерінің сәйкестігі, селекциялық белгілердің жеке бағалануы, тірілей салмағы, әр бонитерленген (бағаланған) мал бойынша қырқылған жүн туралы жазбасы бар жартылай биязы жүнді қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижелері "Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) сәйкес нысанда биязы және жартылай биязы тұқымды қойларды жеке бонитирлеу журналында көрсетіледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құйрықты қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құйрықты қой тұқымдары жеке және сыныптық бонитирлеуге (бағалауға) жатады.

      Жеке бонитирлеу (бағалау) толық жеке бонитирлеуге (бағалауға) және қысқаша сыныптық бонитирлеуге (бағалауға) бөлінеді.

      Толық жеке бонитирлеуге (бағалауға) ересек асыл тұқымды аталық қошқарлар (негізгі, қосалқы, күйттеуші) мен элиталы аналықтар, селекциялық топ саулықтары мен ұрпақ сапасы тексеруге қойылған қошқарлардан алынған барлық төлдер, өз табынын толықтыру және басқа шаруашылықтарға сатуға арналған тұқымдық еркек және ұрғашы тоқтылар жатады.

      Элиталы және бірінші сыныпты саулықтардан алынған төлдер қысқаша жеке бонитирлеуге (бағалауға) жатады.

      Қысқаша жеке бонитирлеу (бағалау) кезінде малдың сыныбы оның тірілей салмағына, сырт пішініне, құйрығының көлемі мен пішініне, жүн сапасы мен түсіне берілетін жалпы баға негізінде айқындалады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) екінші сынып –тұқым стандарты талабының біреуіне: тірілей салмағы бойынша жауап бермейтін, бірақ көбейтуге жарайтын малдар және қосымша жүнді ешкілер – жүн түсімі, жүн ұзындығы мен жіңішкелігі, түбітті ешкілер - түбіттің таралымы, түбіт ұзындығы мен жіңішкелігі, сүтті ешкілер – сүт сауыны;";

      6-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) екінші сынып – тұқым стандарты талаптарының біреуіне жауап бермейтін малдар, жүнді ешкілер – жүн түсімі, жүн ұзындығы мен жіңішкелігі, түбітті ешкілер – түбіттің таралымы, түбіт ұзындығы және жіңішкелігі, сүтті ешкілер – сүт сауынын;

      4) үшінші сынып – жүні біртекті емес, стандартқа сай келмейтін, жүнінде түбіт құрамы төмен (түбітті ешкілер), дене бітімі бойынша сүттілік типі айқын көрінбейтін және жүні ерекшеленбейтін (сүтті ешкілер) малдар (жүнді ешкілер).";

      12-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті және зауыттық жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      7 және 8-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Алғашқы бонитирлеуді (бағалауды) 1,5 жаста, сүттілігі мен төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштермен жүргізеді. Бұл деректерді биелер мен айғырларды төлінің сапасы бойынша бағалау үшін, сондай ақ төлді асыл тұқымды мақсатта өсіру үшін іріктегенде пайдаланады.

      1,5 жастан үлкен жастағы жылқыларды бонитирлеу (бағалау) қайта ұйымдастырылған фермаларда жүргізіледі.

      Екінші бонитирлеуді (бағалауды) 2,5 жаста, сүттілігі мен төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштермен жүргізеді.

      Жылқыларды үшінші бонитирлеуді (бағалауды) 5,5 жаста, сүттілігі мен төлі бойынша бағалауды қоса алғанда барлық көрсеткіштермен жүргізеді.

      Ересек жылқыларға бонитирлеуді (бағалауды) ұрпақтарының сапасы туралы деректердің жинақталуына қарай жүргізеді.

      8. 6-8 жастағы жас төлдерді көз жобамен типтілігі, дене бітімі, қоңдылығы үшін жалпы балмен (10 балдық шәкіл бойынша) бағалайды және өлшенеді. Бұл деректер биелер мен айғырларды төлінің сапасы бойынша бағалауға, сондай-ақ төлдерді асыл тұқымдық және басқа да мақсатта өсіру үшін пайдаланады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Асыл тұқымды жылқылардың тұқымдылығы мен шығу тегі құжат бойынша көрсетіледі. Құжаттамалық деректер болмаған кезде жергілікті тұқым жылқыларының шығу тегі (тұқымдылығы, қандылығы) типін бағалау, таңбасын тексеру, сондай-ақ сұрау арқылы анықталады.

      Типі көз жобамен бағаланады.

      Типін бағалау кезінде жылқының тұқымы және оған қойылатын заманауи талаптар ескеріледі.

      Зауыттық тұқымдармен жақсартылған жылқылар мен будандар таза тұқымды жылқыға жатқызылмайды.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Әрбір бонитирлеуден (бағалаудан) өткен жылқыға жеке карточка толтырылады. Жылқыларды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерінің жиынтық ведомосі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін ұсынылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Төлдер арасында халықаралық жарыстардың чемпиондары, рекордшылары, жеңімпаздары бар болған кезде ұрпақтарының сапасы бойынша бағалаудың жиынтық бағасы 1 балға жоғарылайды.

      Төлдер арасында бракқа шығарылған малдар болған жағдайда, ұрпақтарының сапасы бойынша бағалаудың жиынтық бағасы 1 баллға төмендетіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Асыл тұқымды арғы текті құсты әке-шешелерінің өнімділігі және өсіру нәтижелері бойынша бағалайды, бірақ бірінші сыныптан жоғары емес (арғы текті үйірде).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аңдарды тек құрғақ жүн жамылғысымен жеткілікті шашыраңқы күн жарығында (күннің көзінде емес) немесе күндізгі жарық беретін шам жарығында бағалайды. Асыл тұқымды жануарларды ұстайтын фермаларда барлық жас төл, тауарлы фермаларда асыл тұқымды ядроның барлық жас төлі және күшіктері тұқымға алынған қолданыс табынның ұялас төлдері бонитирленеді (бағаланады). Сырттан келген аңдарды міндетті түрде бонитирлейді (бағалайды). Күзен, түлкі, ақ түлкі және саз құндыздар өмірінің бірінші жылы, бұлғындар – бірінші және екінші жылында бонитирленеді (бағаланады).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өлшемі мен дене бітімін бонитирлеу (бағалау). Асыл тұқымды жануарларды өсіретін фермаларда аң өлшемін дене ұзындығын өлшеу жолымен (саз құндызды – тірі салмағымен) анықтайды. Тауарлы фермаларда дене өлшемін көзбен көріп анықтайды. Тұқымға қалдырылған жас төлдің дене ұзындығы өлшенеді.

      Көзбен көріп дұрыс баға беру үшін бонитирлеудің (бағалаудың) бірінші кезеңінде бірнеше қалыпты қоңды жануарларды өлшеп алған жөн. Бал бойынша қандай да бір бағалауға сәйкес келетін көрсеткіштер 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-кестелерде келтірілген. Аңдардың сыныбын айқындау кезінде 6 және одан жоғары балға ие болған аң өлшемі мен дене бітімі 5 балға теңестіріледі.

      Аңдарды азықтандыру алдында өлшейді, дене ұзындығын тұмсық шеті мен құйрық түбіне дейін дене бүгілістеріне сай келтіріп рулеткамен өлшейді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үй қояндарын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бонитирлеу (бағалау) – үй қояндарын тұқымдылығы, дамуы (тірідей салмағы, дене бітімі), өнімділігі және басқа да көрсеткіштер бойынша кешенді бағалау жолымен олардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау. Бонитирлеуді (бағалауды) жыл сайын, әдетте қараша және желтоқсан айларында жүргізеді. Асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін фермаларда бонитирлеуге (бағалауға) негізгі табынның барлық аталықтары мен аналықтары, бір реттік (тексерілетін) аналықтар және селекциялық табынның үш айлық жастағы және қараша–желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кезде бағаланатын бүкіл төлі, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға тұқымын алуға өткізілетін төл жатады.

      Тауарлы фермаларда негізгі табындағы асыл тұқымды ядроның аналық үй қояндарының барлық аталықтарын, үш айлық жасында іріктелген және қараша-желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кездегі толықтырушы төлді бонитирлейді (бағалайды).";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Зоотехникалық талаптар

      6. Дене бітімінде ақауы жоқ қояндар элита сыныбына және бірінші сыныпқа, бір ақауы бар екінші сыныпқа, дене бітімінде екі және одан да көп ақауы бар үшінші сыныпқа жатады. Кемшіліктері бар қояндарды бөліп алады және асыл тұқымды қояндарға қоспайды. Сыныбын анықтау үшін үй қояндарын түк жабынының қалыңдығы бойынша бағалау 3-кестеде келтірілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      3-кесте. Үй қояндарын түк жабынының қалыңдығына және теңеулеріне қарап бағалау

Сыныбы

Талабы
 

элита

Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді және икемді осьімен біркелкі, өте қалың, түгі өте қалың. "Дегелек" түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті көрінбейді деуге болады, табандарында өте қалың түк бар.

бірінші

Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді икемді осьімен біркелкі қалың. "Дегелек" түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті 2 шаршы миллиметр дейін ашылып қалады, табандарында қалың және серпінді түк бар.

екінші

Түктің қалыңдығы біркелкі емес, жонында жотасы мен бүйіріне қарағанда түбіті қалыңдау. "Дегелек" түбінен түк қабатынан үрлеген кезде 2-ден 4 шаршы миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанының түгі сирек әрі жұмсақ.

үшінші

Түктің қалыңдығы жеткіліксіз -"Дегелек" түбінен түк жабынын үрлеген кезде 4-ден 6 шаршы миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанында түгі сиректеу, сирек әрі жұмсақ түк,табан түктерінің қажалу белгілері бар.

      7. Түк жабынының қалыңдығы және бір қалыптылығы оны қалыңдығы бойынша "дегелек" түбінен үрлеу кезінде қалыптасатын көлемін, сауырындағы, жотасы мен бөксесіндегі "дегелек" түбін салыстыра отырып айқындалады (8-сурет).



      8-сурет. Дегелек әдісімен түкті жамылғының қалыңдығын анықтау.

      8. Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігі, жыл бойы жиналған түбітімен бағаланады,ал көжектердің өнімділігі - 2 және 4 айлық жасында алғашқы екі жиналым бойынша, ал элита сыныбына үлкен қояндардан түбіттің 500 грамм, еркегінен – кемінде 450 грамм, бірінші сыныпқа тиісінше 450, 400 грамм, элита сыныбындағы көжектерден – 60, бірінші сыныптан 50 грамм, екінші сыныптан 40 және үшінші сыныптан -30 грамм жинағандар жатады.

      9. Түк жабынының реңкі күндізгі жарықта көзбен бағаланады. Аймақтық бояуы бар үй қояндарында олардың айқындылық дәрежесін жонындағы, арқасы мен бүйіріндегі "дегелек" сипатына қарай айқындайды.

      10. Үй қояндарын бөлек белгілері бойынша бағалағаннан кейін олардың кешенді белгілері бойынша жалпы сыныбын белгілейді.

      11. Элита сыныбына дене бітімі мықты, таза тұқымды, барлық көрсеткіштер бойынша дене бітімінде ақауы жоқ элита бағасын алған үй қояндары жатады.

      12. Бірінші сыныпқа дене бітімі мықты таза тұқымды, дене бітімінде ақауы болмаған кезде барлық көрсеткіштер бойынша алған немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі бойынша бірінші сыныптың бағасын алған үй қояндары жатады.

      13. Екінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша екінші сыныптың бағасын алған немесе біреуі бойынша ғана,ал қалғандары бойынша одан жоғары баға алған үй қояндары жатады.

      14. Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша үшінші сыныптың бағасын алған немесе біреуі бойынша ғана, ал қалғандары бойынша одан жоғары баға алған үй қояндары жатады.

      Етті терілік тұқымдағы үй қояндарына сыныпты берген кезде түбіт түсін бағалау жиынтықтағы сыныбын бір балдан артық төмендете алмайды. 15. 2-3 айлық жастағы көжектің сыныбы сол қағидалар бойынша, асыл тұқымдылығы, тірі массасы, дене бітімі, табанындағы түк жабынының қалыңдығы ескеріле отырып анықталады.Осы бонитирлеу деректерінің негізінде көжектердің қорытынды іріктеуін жүргізеді және олардың мақсатын айқындайды. Жоғары бағаланған жануарларды тұқымдық ядроны толықтыру үшін бөліп алады, бірінші және екінші сыныптағы жануарлар өндірістік топқа жіберіледі. Үшінші сыныптың үй қояндарын негізгі табынға ерекше жағдайда жібереді.

      16. Тұқымдық ядроның (селекциялық топтың) қоян басын толықтыратын көжектері ұрпақ сапасы бойынша ұрғашы және еркек қояндарды тексеру кезінде алынған деректерді ескере отырып асыл тұқымды ядро жануарының көжектерінен іріктеледі. Қоян басын толықтыратын көжектерді алу үшін жұптарды іріктеу жоспарын жасау кезінде әдетте ұрғашы қояндарға ата-енелерінің ең үздік көрсеткіштерін үйлестіретін және ұрпағын көбейтетін жоғары сапалы еркек қояндарды іріктеген жөн.

      17. Көжектерді тұқымдық ядро аналықтарынан 40-45 күнде бөліп алады. Қоян басын толықтыратын көжектерді бөлек отырғызғанда немесе 3 ай бұрын алдын ала таңдап алады. Еркектері мен ұрғашыларын бірінші кезекте өміршеңдігі жоғары, жақсы дамыған, тірі салмағы жоғары және дене бітімі жақсы бір анадан туған көп көжектердің ішінен таңдап алады. Осылайша таңдап алынған жануарларды өз тобын толықтыру үшін және басқаларға сату үшін пайдаланады. Шаруашылықта қалдырылатын 2-3 айлық көжектердің саны табынды толықтыруға арналған басынан шаруашылықтағы қажеттілік шамамен 1,5-2 ретке көп болуы тиіс.

      18. Негізгі табынды толықтыру бір жылдың ішінде жүргізіледі. Жас аналықтарды алғаш көжектегеннен кейін, айдың соңғы күнінде негізгі (ересек) табынға, ал жас аталықтарды бес айлық жасында ауыстырады.

      19. Асыл тұқымдық ядродан негізгі табындағы ең жақсы төлдерін бөліп алады.Оның мөлшері қоян басын толықтыратын көжекке деген қажеттілікке байланысты айқындалады және фермадағы негізгі табындағы қоян басының кемінде 50% құрайды.

      20. Асыл тұқымдық ядродан бөлініп алынатын төлдің, шағылысу басталғанға дейін 2-3 ай бұрын жыныстық белсенділігін тексеріп алу керек. Содан соң ең үздік аталықтардың шамамен 80-85% ұрпақ сапасына тексереді. Ол үшін әр аталыққа жастары мен өнімділік сапасы бірдей 8-10 аналық іріктеледі. Аталықтардың төл бойынша сапасын алғашқы екі көжектеуінен кейін тексереді.

      21. Тексерілетін аналықтардан алынған төлдерді 3-айлық кезінде асыл тұқымдық, еттілігі, дене бітімі, өміршеңдігі, тірілей салмағы, өсу жылдамдығы, жас кездегі азық шығымдылығы және табан сезімділігі көрсеткіштері бойынша бағалайды.

      22. "Өте жақсы" деген бағаны ұрпағы бір жастағы асыл тұқымды ядродағы төлге талап етілетін көрсеткіштерден асып түскен аталықтар алады. "Жақсы" деген бағаны ұрпағы асыл тұқымды ядро жануарларынан алынған қатарластарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келетін аталықтар алады.

      23. Негізгі табыннан үй қояндарын бөліп тастау кезінде қажетті талаптарға жауап бермейтін жануарлар алынып тасталады. Бұл жұмысты жыл бойы және бонитирлеу кезінде жүзеге асырады. Бонитирлеу кезінде өнімділік көрсеткіштері екінші сыныптан төмен, сапасы бойынша шаруашылықтағы жоғары талаптарына сәйкес келмейтін және ветеринариялық талаптарды қанағаттандырмайтын үш жастан асқан жануарлар (ең құндысын қоспағанда) бөлініп алынады. Сонымен қатар бір жыл ішінде алғашқы екі көжектеуінде бес көжектен кем көжек өсірген, екі жыл көжектемеген (стерильді аталықтар жағдайларын қоспағанда) аналықтар және аналықтардың 30%-дан астамы ұрықтанбай қалған аталықтар бөлініп тасталады.

      24. Жұптарын іріктеу мақсаты - ұрпақтарында ата-енесінің жақсы қасиеттерін қалыптастыру және арттыру. Біркелкі (біртекті) және әр түрлі (гетерогенді) іріктеу айырады.

      25. Біркелкі іріктеу ұрпағында ата-енелерінің жақсы қасиеттерін қалыптастыру және арттыру үшін қолданылады. Бұл ретте аталыққа жануарлардың өнімділігі бойынша біркелкілерін бекітеді. Біркелкі іріктеу асыл тұқымды табыны бар фермаларда және тауарлы фермалардың асыл тұқымды ядроларында қолданылады.

      26. Біркелкі іріктеудің жоғары нысаны – туыстық шағылыстыру. Бұл іріктеу кейде желіні төсеу кезінде қолданылады. Әдетте, ондай жағдайларда қалыпты туыстық шағылыстыруға (3-4, 4-3, 2-5, 5-2, 4-4) жүгінеді. Туыстық шағылыстыру кезінде жануарларға ұстау, азықтандыру бойынша жақсы жағдай жасап, қатал таңдаудан өткізу қажет.

      27. Әр түрлі іріктеу кезінде әр типті белгілері бар жануарларды шағылыстыруды жоспарлайды. Оң қасиеттерімен қатар нақты бір кемшіліктері бар аналықтарды ондай кемшіліктері жоқ аталықтармен шағылыстырады. Кемшіліктері әртүрлі немесе қалыпты типтен қарама-қарсы ауытқып кеткен жануарларды іріктейді.

      28. Селекциялық жұмысты дұрыс ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымдық және зоотехникалық есеп жүргізіледі.

      29. Есепке алу құжаттарының бес нысаны бар:

      1) негізгі табындағы аталықтың карточкасы;

      2) негізгі табындағы аналықтың карточкасы;

      3) негізгі табындағы мал басының ведомості;

      4) өндірістік журнал, мұнда негізгі табындағы үй қояндарының нөмірі жазылады және тексерілетін жас үй қояндары тордағы орындары бойынша жазылады;

      5) аталықтарын ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомості. Бұл асыл тұқымды жануарлардың фермаларында жүргізіледі. Осындай есепті жүргізуге арналған құжатқа төмендегілер жатады:

      ұрпақтарын тіркеудің жинақтық актісі. Туылған көжектерді бірінші күннен бастап тексереді. Трафареткада тірі немесе өлі көжектерге санақ жүргізеді. Көжектерді туылған күнінен кейін екінші күннен бастап тіркеуге алады,деректерді жинақтық актіге және трафаретке енгізеді. Айдың соңында жинақтық актіні бухгалтерияға жібереді. Шаруашылық бухгалтерлігі тек тірі қояндарды саралайды.

      аңдарды топтан топқа өткізу туралы акті, оны тек айдың соңғы күндері толтырады. Жас аналықтарды бөлгеннен кейін алғаш көжектегеннен соң, жас аталықтарды – бес айлығында негізгі табынға ауыстырады. Актіні бригадир немесе ферманың басқарушысы жасайды;

      топтың ведомості. Оны дайындау пунктіне жөнелтілетін әрбір қояндар партиясына 3 данадан жасайды (ферма меңгерушісі, бригадир, зоотехник, қажет болған жағдайда мал дәрігері);

      үй қояндарын есептен шығару (өлім-жітім) актісі. Қоян шаруашылығында құрамында зоотехник, мал дәрігері, ферма меңгерушісі немесе бригадирі бар комиссия болады. Құлауы немесе мәжбүрлі өлтіру салдарынан жануарды есептен шығару кезінде актіде себебі көрсетіледі. Актіні құлау немесе мәжбүрлі өлтіру күні толтырады, оны шаруашылық басшысы бекітеді. Актіде терісін пайдалану жолдары көрсетіледі(қоймаға тапсырылды немесе жойылды);

      үй қояндарының қозғалысы туралы есеп. Жануарлардың келуі және есептен шығуы туралы алғашқы құжаттар мен жазба негізінде зоотехник, ферма меңгерушісі немесе бригадир жасайды;

      талап-жүкқұжаты мен ерекшелігі – тиелген асыл тұқымды төлге, сондай-ақ қояндардың терісіне арналған ілеспе құжат. Ерекшелік құжатын екі данада, ал жүкқұжаты үш данада жасайды.

      30. Асыл тұқымдық жұмысты жоспарлау үй қояндарының тұқымын аса маңызды шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша одан әрі асыл тұқымдық жетілдіру перспективаларын және әдістерін айқындау жолымен жүзеге асырылады . Асыл тұқымдық жұмыс жоспары 3-5 жылға келесі схема бойынша дайындалады:

      1) шаруашылықтың жалпы мінездемесі. Бұл бөлімде үй қояндарын ұстау және азықтандыру бойынша мінездеме беріледі;

      2) табын мінездемесі – табынды жасақтау, жас және жыныстық құрылымы туралы деректер келтіріледі, жануарлардың негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша сипаттама (тірілей массасы, түк жабынының қалыңдығы мен тегістігі, дене бітімі, түсі, жануарлардың сыныптылығы мен өнімділік қабілеті) беріледі

      3) табынның генеологиялық құрылымын талдау және тізбектері мен туыстығын бағалау;

      4) іріктеу және саралау жүйесі;

      5) сандық және сапалық көрсеткіштердің өсу жоспары;

      6) сандық және сапалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 19 шілдедегі
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
  Биязылау жүнді қойларды асыл
тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша

Биязылау жүнді қойлардың негізгі селекциялық белгілерінің
шартты белгілері мен шифрлары

Селекциялық
белгілер

Шартты белгілер немесе өлшем бірліктер

Селекциялық белгілер
шифры

1

2

3

4


Малдың типі мен тері қатпарлығы



тері қатпары аз немесе мүлдем жоқ, жүн өнімділігі төмен малдар

Қ-

1

мойны мен денесіндегі қатпарлары өте көп, жүн бағытындағы типке ауытқыған мал

Қ+

2

жүн, ет өнімділігі бойынша тұқым стандартына сай малдар

Қ

3

2

Жүн тығыздығы – малдың бүйірі мен арқасындағы тері жігінің көлемі бойынша және қолмен ұстап анықталады



сирек, тұқым стандартына сай емес

Т-

1

қанағаттанарлық

Т

2

тығыз

Т+

3

өте тығыз

ТТ

4

3
3.1
3.2
3.3

Бүйір жүннің ұзындығы - қой жауырынының артқы жағынан, бүйірдің орта сызығынан сәл жоғары жерде созылмаған штапелді сызғышпен өлшеу арқылы анықталады, осыған қоса негізгі және тұқымдық тоқты қошқарларда жүн ұзындығы келесідей бөліктерде анықталады:
жамбаста
арқада
бауырда

сантиметр

0,5 –ке дейін

4
4.1
4.2

жүн талшықтары жіңішкелігі микрометрде немесе сапалығында көзөлелшеммен немесе микроскоп көмегімен анықталады, және негізгі және тұқымдық тоқты қошқарларда:
жамбаста
арқада

микрометр

до 1

5

Жүннің біркелкілігі – бүйір және жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық бойынша анықталады:



біркелкілігі жеткіліксіз, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 2 сападан немесе 4 микрометр ден (бұдан әрі – мкм) артық

БК-

1

біркелкілігі жеткілікті, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 1 сапаға тең немесе 2-ден 4 мкм-ге дейін

БК

2

біркелкілігі жақсы, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 2 мкм-ден аз

БК+

3

6

Жүннің иректілігі – малдың бүйір жүні бойынша көз өлшемімен анықталады:



жүн иректілігі білінбейді немесе әлсіз байқалады

И-

1

жүн иректілігі жақсы көрінеді, ұнамды пішінде, бірақ анық емес

И

 
2

жүн иректілігі ұнамды пішінде, барлық жүн талшықтары ұзындығы бойына анық көрінеді

И+

3

7
7.1
7.2

Шайыр



шайыр мөлшері



жеткіліксіз

Ш-

1

артық

Ш+

2

сапасы мен мөлшері жеткілікті

Ш

3

Шайыр түсі



сарғыш

С

1

ашық-сарғыш

АС

2

ақ

А

3

8

Малдың арқасы, бауыры мен басының жүндестігі
Бағалау кезінде арқасының жүндестігі жақсы малдар ұнамды болып табылады

балл

ең жоғары
5

9

Малдың дене бітімі – кешенді баға негізінде анықталады:



нәзік

НБ

1

сөлекет

СБ

2

берік

ББ

3

10

Сырт пішіні – жеке дене бөліктерінің дамуына кешенді баға беру негізінде анықталады

балл

ең жоғары

11

Тірілей салмағы төмендегідей кезеңдерде анықталады:



туылғанда (1-2 күн)

килограмм

0,5-ке дейін

енелерінен 4-4,5 айлығында бөлінгенде

килограмм

0,5-ке дейін

1 жасында

килограмм

0,5-ке дейін

12

Жүн түсімі
Жуылмаған (табиғи) жүн түсімі
бір жыл өскен жүннің (тезекті жүннен басқа) қырқу арқылы анықталған салмағы,

килограмм

0,1-ге дейін

13

Таза жүн шығымы
Жуылмаған және таза жүн шығымдарының %-қ қатынасы жуылмаған жүн үлгісін жуу кезінде анықталады

%

1-ге дейін

14

Таза жүн түсімі,
есептеліп анықталады

киллограмм

0,1-ге дейін

15

Малдың класы – қырқымға дейінгі бонитировкалау кезінде нұсқау бойынша анықталады:



элита

элита

5

бірінші класс

1

4

екінші класс

2

3

жарамсыз

жр

1

16

Жануардың көлемі:



ірі

і

5

орта

о

4

кіші

к

3

17

Жүн жылтырлығы



жоқ болуы

жб

2

әлсіз

ә

3

жақсы, жақсы көрінеді

ж

4

күшті, анық, құбылып тұрады

к

5

18

жүн серпімділігі (цигай жүніне)



қанағаттандыралық серпімділік

ҚС

4

жақсы серпімділік

ЖС+

5

серпімділік жоқ

СЖ-

3

  Қазақстан Республикасы
Премьер-
Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 19 шілдедегі
№ 301 бұйрығына
2-қосымша
  Биязылау жүнді қойларды асыл
тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа
  4-қосымша

Биязылау жүнді қойлардың жүн талшықтары жіңішкелігі
кластарының шектері

Жүн талшықтары жіңішкелігі кластарының шектері, микрометрмен

Жүн жіңішкелігі класын микрометрге айналдыру кестесі

сапа

микрометрлер

сапа

микрометрлер

1

2

3

4

60

23,1-25,0

60

24

58

25,1-27,0

58

26

56

27,1-29,0

56

28

50

29,1-31,0

50

30

48

31,1-34,0

48

32

46

34,1-37,0

46

35

44

37,0-40,0

44

38

40

40,1-43,0

40

42

36

43,1-55,0

36

46


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады