"Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15560 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11602 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 13 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 375 бұйрығына
қосымша
Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
6-қосымша

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат


р/с

Күні (күні, айы, жылы), уақыты

Жол бөлімшесінің атауы, оқиға орны (телім, станция, аралық, шақырым, пикет), қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығы орын алған аумақтағы кәсіпорын атауы
 

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (қозғалыс қауіпсіздік жағдайының мән-жайы, зардап шеккендер және құрбандар, қоршаған ортаны ластау туралы, жолдың жоғарғы құрылысы, жылжымалы құрам , жасанды құрылыстар және т.б. зақымдалған туралы мәлімет)

Зауыт, инвентарлы нөмірін және меншік иесін көрсетумен зақымдалған жылжымалы құрам тізімі
 

Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының түрі

Жол телімінің техникалық сипаттамасы

Кешіктірілген жолаушылар, жүк поездары туралы мәлімет (саны, пойыз нөмірі және кідірген уақыты)
 

Қалпына келтіру жұмысын жүргізу туралы мәлімет
 

Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының себебі және кінәлі кәсіпорын
 

Оқиға орнына шыққан адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      _________________________________________________ / _________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады