"Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 тамызда № 15571 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген, 2014 жылы 10 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 227 (28450) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Асыл тұқымдық кітапты (бұдан әрі – АТК) жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітапты жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Асыл тұқымды мал тұқымдары бойынша АТК-ны республикалық палаталар (бұдан әрі – Палата) жүргізеді және басып шығарады.";

      13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. АТК енгізу үшін асыл тұқымды малдарды іріктеу нәтижелері бойынша мал иесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АТК енгізуге арналған малдар тізбесін жасайды.

      Асыл тұқымды малдың иесі асыл тұқымды малдардың тізбесін Палатаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен бірге жолдайды.

      14. Палата өтінім мен малдардың тізбесін алғаннан кейін, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасындағы деректер (бұдан әрі – АТЖ) бойынша малдардың шығу тегін, тұқымдық пайдаланылуын және өнімділігі бойынша деректерді тексереді.

      Палатаның маманы ұсынылған малдардың бар болуын және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өтініш пен малдардың тізбесін берген шаруашылыққа барып келеді.

      15. Шығу тегі, асыл тұқымдық пайдалану мен малдардың өнімділік көрсеткіштері бойынша деректер осы Қағидаларда белгіленген көрсеткіштерге сәйкес келсе, Палата ұсынылған малдар бойынша АТК жазу (жазбау) туралы шешім қабылдау үшін Палата кеңесінің отырысына тапсырылған өтініш пен малдардың тізбесі негізінде асыл тұқымды малдардың тізбесін дайындайды.

      16. АТК-ға асыл тұқымды малдар туралы деректерді енгізу Палата кеңесінің шешімімен ресімделеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Палаталар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректері АТК енгізілген асыл тұқымды малдардың тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысанына сәйкес № 1 (аталық) және № 2 (аналық) нысандағы карточкалардан тұратын картотека жүргізеді.

      Тізілім асыл тұқымды малдардың әр тұқымы бойынша бөлек жүргізіледі.

      Картотекаға деректері АТК енгізілген жануарлардың асыл тұқымдық пайдаланылуы және өнімділігі туралы деректер жыл сайын енгізіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Асыл тұқымды мал өлген немесе қатардан шығып қалған жағдайда иелері өтінімді және АТК енгізілген және сою (өлу) себебі бойынша шығарылған малдардың тізбесін Палатаға осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсына отырып хабарлайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. АТК материалдардың жиналуы бойынша басылады. АТК енгізуге дайындалған және әрі қарай басылымға жіберілетін құжаттар, басылым алдында асыл тұқымды малдың тұқымдары бойынша Палата кеңесінде талқыланады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. АТК-ның басылатын томдарындағы малдар туралы мәліметтер АТК нөмірінің өсуі, тұқымдары және желілері бойынша орнастырылады. Будандық малдар туралы деректер дербес бөлімде басылады.

      АТК әрбір томында тұқыммен жүргізілетін жұмыстың жағдайы сипатталатын шолу материалдары, осы томда жазылған малдардың сапасы, малдардың өнімділігі, тұқымды өсіру аймағының табиғи-экономикалық жағдайы, табынды құру аймағы, көбейтудің экономикалық тиімділігі және селекциялық материалдардың сипаттамалары мен әрі қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.";

      1-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
2-қосымша";

      4-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
5-қосымша";

      7-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
7-қосымша";

      3, 6 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 318 бұйрығына
1-қосымша
  Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      _____________________________________________________________________
(Республикалық палата)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғалардың толық атауы)

Өтінім

      ___________________________________ мал тұқымы бойынша

      (тұқым атауы)

      асыл тұқымдық кітапқа жазуды сұраймыз.

      Менің малдарымның саны: __________________________________ бас.

      (жазбаша)

      Асыл тұқымдық кітапқа енгізуге арналған малдар тізімі _______________

      бетте.                                                            (жазбаша)

      Мекен-жайы:__________________________________________________________

      (қаласы, ауданы, облысы)

      _____________________________________________________________________

      (көшесі, үйі)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________

      Күні________________ ______________

      (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 318 бұйрығына
2-қосымша
  Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

      _____________________________________________________________________
(Республикалық палата)

      _____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғалардың толық атауы)

Өтінім

      Асыл тұқымдылар кітабында жазылған___________________________________

      (тұқым атауы)

      мал тұқымы бойынша ________________________ бас асыл тұқымды малдарды                                    (жазбаша)

      союға (өліміне) байланысты шағырылғанын белгілеуді сұраймыз.

      Асыл тұқымдық кітапқа енгізілген және сою (өлу) себебі бойынша шығарылған малдардың тізімі __________________ бетте.

      (жазбаша)

      Мекен-жайы:__________________________________________________________

      (қаласы, ауданы, облысы)

      _____________________________________________________________________

      (көшесі, үйі)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________

      Күні________________ ______________

      (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 318 бұйрығына
3-қосымша
  Асыл тұқымдық
кітап жүргізу
қағидаларына
8-қосымша

Асыл тұқымды кітапта жариялауға арналған асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша минималды мәліметтер тізімі

№ р/с

Жануардың/ жануарлардың түрі/түрлері

Мәліметтер

1

Ірі қара мал

Малдың иесі (облыстың, аймақтың, шаруашылықтың атауы көрсетіледі), лақап аты мен түгендеме нөмірі, АТК- нөмірі мен белгісі, түсі, туған жері мен күні,АТК-на жазылған күні, тірі салмағы, сыртқы тұлғасының балдық бағалауы, индекстік бағасы, сиырлардың өнімділігі: шот бойынша сүттенуі, сауылым күндерінің саны, сауымы, сүттегі май мен белоктың пайызы және барлық сауын маусымы бойынша килограммен есептегенде сүт майының мөлшері. Шығу тегі- егер арғы тегі АТК-на жазылған болса, әкесі жағынан екі қатар ал шешеші жағынан бір қатар бойынша арғы тегі көрсетіледі; Егер малдың арғы тегі АТК-на жазылмаған болса, бұқаларда әкесі жағынан үш катар және шешесі жағынан екі қатар арғы тегі көрсетіледі, сиырларда әкесі және шешесі жағынан екі қатар бойынша арғы тегі көрсетіледі. Әрбір арғы тегі бойынша жалған атауы және малдың түгендеме нөмірі, АТК-н нөмірі мен белгісі, кешенді сыныбы көрсетіледі, ал ұрғашы малдарда одан басқа сүт өнімділігі туралы мәліметтер көрсетіледі: сүттеу жылы, есеп бойынша сүттеуі, сауым күндерінің саны, 300 күндік сауымы, сүттегі майдың орташа мөлшері мен килограммен есептегендегі сүттегі майдың мөлшері. Шешелерінде сүт өнімділігі туралы деректер әрбір сауын маусымы бойынша беріледі, ал шешесінің шешелерінде ең жоғары және барлық сауын маусымы бойынша орта есеппен сүт өнімділігі туралы деректер беріледі.

2

Қойлар

Мал иесі шаруашылығының атауы, малдың өзіне тән нөмірі, АТК-н белгісі мен нөмірі, тұған жылы және қаншасының ішінде туғаны, өнімділігі: ең жоғары жүн түсімі және ешкі түбітінің таза талшық және табиғи түріндегі түсімі, тірі салмағы. Малдың тұрпаты.
Жүннің сипаттамасы: тығыздығы (салмағы), ұзындығы, сапасы ретіндегі жіңішкелігі, құйрықты қойлар үшін класстығы, жіңішкелігі бойынша біркелкілігі, шайыры, биязы жүнді қошқарлар үшін жуылатын аймағы мен матаның былғануы. Фенотипі бойынша бағалау: тік бұрыш жүйесі бойынша сыртқы тұлғасы, жалпы бағасы (нөлден), құйрықты қойлар үшін түсі, құйрықтың формасы және көлемі. Қаракөл мен атырау тұқымы бойынша түсі, реңі, өңі, елтірі типі, бұйрасының мөлшері, тірі салмағы, қозы жасында өткізген бағалауда берілген сыныбы көрсетіледі. Шығу тегі: егер арғы тегі АТК-на жазылған болса, бірқатар арғы тегі көрсетіледі; ал егер арғы тегі туралы мәліметтер алғаш жарияланса екі қатар арғы тегі көрсетіледі. Арғы тегі туралы деректер АТК-на жазылған мал туралы берілетін деректерге сәйкес беріледі.

3

Шошқалар

Лақап аты мен малдың құлағындағы нөмірі, АТК нөмірі мен белгісі, малдың иесі, туған жері мен күні, АТК-на жазылған күні, шифр бойынша дамуы және өнімділігі. Қабандарда – 1) айлық жасы, 2) тірі салмағы, 3) дененің ұзындығы, 4) кеуденің орамы, 5) оң және сол жақ емшектерінің саны, 6) тұлғасы үшін берілген балдың сомасы, 7) төлдің төрт айындағы тірі салмағы, 8) алғашқы төлдеген мегежіндердің ұрғашы ұрпағының төлдегіштігі, 9) алғашқы төлдеген мегежіндердің ұрғашы ұрпағының сүттілігі, 10) мегежіндердің ұрғашы ұрпағының төлдегіштігі, 11) мегежіндердің ұрғашы ұрпағының сүттілігі, 12) төлдерінің бақылау бордақылану кезіндегі орташа тәулікте қосылған салмағы, 13) төлдердің азық ақысын ақтауы, 14) 6-7 омыртқа үстіндегі қыртыс майдың қалыңдығы, 15 ) жиынтық сыныбы.
Мегежіндерде – біріншіден алтыншы тарауға дейін қабандармен сәйкес, ал әрі қарай – 7) төлдеунің саны, 8) өсімталдығы, 9) торайдың туған кезіндегі салмағы, 10) 21-ші күні аналық ұяның тірі салмағы бойынша сүттілігі, 11) екі айлық торайдың орташа салмағы, 12-15-тармақтар қабандардікі сияқты. Егер олар АТК -на бұрын жазылған болса шығу тегін бірқатар арғы тегі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайда әрбір арғы тегі бойынша жиынтық сыныбы, жалғанатауы, АТК нөмірі мен белгісі көрсетіледі (құлағындағы нөмірмен) және жиынтық сыныбы; егер, арғы тегі туралы мәліметтері алғашқы реет жарияланса, шығу тегі үш қатар арғы тегі бойынша көрсетіледі.
Бұл малдарға ата тегінің алғашқы екі қатарында шифр бойынша дамуы туралы мәліметтер көрсетіледі. Қабандарда – 1) айлық жасы, 2) тірі салмағы, 3) дене ұзындығы, 4) кеуде орамы, 5) оң және сол жақ емшектерінің саны, 6) жиынтық сыныбы. Мегежіндерде – біріншіден бесінші тармаққа дейн қабандармен сәйкес, ал әрі қарай – 6) өсімталдығы, 7) сүттілігі, 8) жиынтық сыныбы.

4

Жылқылар

1. АТК бойынша реттік нөмірі;
2. Лақап аты немесе жылқының түгендемелік нөмірі;
3. Жылқы тіркелген шаруашылықтың атауы;
4. Түсі, ерекше жерлері, туған жері мен күні.
5. Шығу тегі. Егер, ата-аналары ертеректе АТК-ға жазылған болса, онда әр ата-анасының нөмірі, ал жақшада лақап аты немесе түгендеме нөмірі көрсетіледі. Егер ата-аналарының бірі немесе екеуі де АТК-ға тіркелмеген болса, онда шығу тегі бойынша толығымен мәліметтер енгізіледі. Егер ата-анасының бірі басқа тұқымға жататын болса, АТК нөмірінің алдында оның тұқымы жазылады.
6. Сантиметрмен көрсетілген негізгі өлшемдері мынадай тәртіпте орналасуы қажет: шоқтығының биіктігі, тұлғасының қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншек орамы.
7. Сұрыптау өткізілген жыл көрсетілген сұрыптау нәтижесі. Белгілердің балдық бағасы келесі тәртіпте көрсетіледі: шығу тегі мен біркелкілігі, өлшемдері, тірі салмағы, тұлғасы, жұмысқа қабілеттілігі, табындық ұстауға қаблеттігі мен төлдің сапасы.
8. Сынақ нәтижесі: әр түрлі қашықтықта алғырлығы, негізгі жүлделерді ұтуы, сондай-ақ жұмысқа қаблеттілігінің басқа көрсеткіштері. Жылқыны сынақтан өткізген қаланың, аудан орталығының және ипподромның атауы. Көрмедегі бағалау (марапат алған жылы мен жері).
9. Сынып
10. Тұқымдық пайдалану туралы мәліметтер келесі тәртіпте беріледі:
1) тұқымды айғырлар – пайдалану жылы, айғыр пайдаланылған шаруашылық, үйірдегі биелердің саны, олардың буаз болғандары және туылған құлын саны;
2) бие – туған жылы, түсі, төлдің жынысы мен лақап аты, АТК бойынша нөмірі немесе түгендемелік нөмірі және төл алынған айғырдың лақап аты.
11. Өнімділік бағытындағы жылқыларда бейімделу сапасы және сүттілігі (биелерде) үшін берілген балдық бағалауы және тірі салмағы көрсетіледі.

5

Түйелер

АТК-бы бойынша реттік нөмірі мен лақап аты, түсі, туған жері мен туған жылы, мал иесі шаруашылығының атауы, мал сыныбы. Тірі салмағы мен негізгі өлшемдері: өркештерінің арасындағы биіктігі, тұлғасының қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншек орамы, жүн түсімі.
Көрмедегі бағалау (марапат алған жылы мен жері). Балдық бағалау: шығу тегі мен біркелкілігі, бейімделу сапасы, өлшемдері мен тірі салмағы, сыртқы тұлғасы, жүнділігі, сүттілігі, төлінің сапасы.
Сынып.
Аналық түйелер үшін сауын өнімділігі 210 күн бойы сүт шығады. Шығу тегі: егер ата-тегі ертеректе АТК-ға тіркелген болса, онда тегі бір қатары жзылады; егер ата-тегі бірінші рет тіркеліп отырса, тегі екі қатар жазылады. Ата-тегі туралы мәліметтер, малдың АТК-да жазылған формасы бойынша беріледі. Төл сапасы бойынша өнімділік бағасы. Асыл тұқымды малды пайдалану туралы мәліметтер.

6

Маралдар мен бұғылар

АТК бойынша реттік нөмірі мен лақап аты, таңбасы, құлақтағы нөмірі, мал иесінің шаруашылығының атауы, туған жері мен туған жылы. АТК-на жазылған арғы тегіне дейінгі шығу тегі. Бұғы мүйізінің өлшемдері: сүйек қатаю шенберінің ені (мм), ақпанның ұзындығы (см), ақпанның орамы (см), көз үстіндегі өсіндінің ұзындығы (см), екінші өсіндінің ұзындығы (см), үшінші өсіндінің ұзындығы (см), айырық тереңдігі (см). Консервіленген мүйіздердің жалпы салмағы мен шикі мүйізден шығатын пайызы. Бағалау сыныбы. Асыл тұқымды малды пайдалану туралы мәліметтер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады