"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 15613 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 18 ақпанда № 32 (28760) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларындағы:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттарды қабылдауды, қарауды және беруді Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) көші-қон қызметі басқармалары, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдері (бұдан әрі – ҚАІІб) және Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) өкілдігі жүргізеді.";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында санамаланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгіне алмайды.

      10. Рұқсат алу үшін шетелдік және азаматтығы жоқ адам болу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;

      2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

      бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      3) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

      4) өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян;

      5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;

      6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);

      7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

      8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;

      9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;

      10) мөлшері 35х45 мм 1 фотосурет;

      11) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

      11. Осы Қағиданың 10-тармағының 5), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.";

      13-тармақ алып тасталсын.

      14, 15 және 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлек, жасы он сегізге дейін келген балалар не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 7) - 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ішкі істер органдарына ұсынады.

      15. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар шетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы Қағиданың 10-тармағының 1), 2), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      16. 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады (еңбек кітапшасы, үй кітабы, мекенжай анықтамасы, туу, неке қию туралы куәлігі, білім туралы аттестат немесе диплом).

      Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша жауап алудың толық хаттамасын құрайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. қарамастан басқа мәселелер көрсетілуі тиіс.

      Өтініш иесінің басқа мемлекеттің аумағында тұру не туылғаны анықталған кезде тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылуы туралы құжат қосымша ұсынылады.

      Барлық қажетті іс-шаралар өткізілгеннен кейін өтініш білдіруші адамға азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы осы Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарылады, ол есепке алу ісіне жинақталады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) аумақтық бөліністеріне оларды тұрақты тіркеу есебіне қою туралы хабарлама жолданады, хабарламаның көшірмесі есепке алу ісінің материалдарына тігіледі.

      Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың қарау мерзімі құжаттарды қабылдау күнінен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Рұқсат беруге өтініш берген адамдарға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон беріледі. Талонды рұқсат алу туралы өтініш беретін адам туралы мәліметтерді Көші-қон қызметі ақпараттық жүйесіне енгізгеннен кейін ІІД не ҚАІІб көші-қон қызметінің бөліністері береді.";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Көшіп келушілерден рұқсатты беру туралы құжаттарды қарауға қабылдаған ІІД не ҚАІІб көші-қон қызметі бөлінісі:

      1) ішкі істер органдарының есепке алуы бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика комитетінің есепке алуы бойынша;

      3) төлем қабілеттігін растау туралы құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, банк мекемесіне сұрау салу жолдау арқылы түпнұсқалық мәніне тексеріледі.

      Рұқсат беру бойынша материалдар "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің арналары бойынша ҰҚК аумақтық бөліністеріне келісуге жолданады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасында болу орны бойынша ішкі істер органдарына көшіп келушілер ұсынған рұқсаттарды беру туралы материалдарды қарау мерзімі құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 60 күнді құрайды.

      ІІД есепке алулары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінен келіп түскен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы материалдарды тексеру күнтізбелік 15 күнді құрайды.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Өтінішті оң қараған жағдайда шетелдік және азаматтығы жоқ адам тұрақты тұру орны бойынша тіркеуге жатады.

      Тұрақты тұратын орнын ауыстырған жағдайда есепке алу ісі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген аумақтық бөліністе сақталады.

      26. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда өтініш иесінің талабы бойынша анықтамалардың түпнұсқалары қайтарылады, есепке алу ісінде көші-қон қызметі қызметкері растаған анықтамалардың көшірмелері тігіледі.";

      2, 3, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрықтын 1, 2 - 5-қосымшаларына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығында мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы
2 тамыздағы № 529 бұйрығына
1-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымшасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА

      ___________________________________________________________________________

      (ішкі істер органының (ІІД, ҚАІІБ(б), ӨҚАІІБ(б)) атауы)

      Тіркеу нөмірі ______________________________________________________________

      (уәкілетті лауазымды адам толтырады)

      Фотосуреттің орны

      (35 x 45 мм)


      Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған балама/менің қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға (қажет емесі сызылсын) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.

      20__ жылғы "___" _____ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейін

      ______________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тіркелгенмін.

      Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________________

      өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      орыс және (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)

      2. Туған күні, айы, жылы және жері

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды ма)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      4. Жынысы ________________________________________________________________

      (ер, әйел)

      5. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________________

      (құжаттың нөмірі және сериясы, кім және қашан берді)

      6. Ұлты ___________________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      7. Діни нанымы ____________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі сызылсын) _____________________________________________________________________

      (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

      9. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      10. Отбасы жағдайы ________________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      ___________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      11. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы, қарамағындағы) балаларын қоса алғанда:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда

Жұмыс орны








      12. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы







      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса ___________________________________

      _________________________________________________________________________

      (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      14. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз ба ("Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандарға)

      __________________________________________________________________________

      егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан

      15. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба __________________________________________________________________________

      егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      16. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе асаауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      егер болса, неше рет және қашан

      17. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба ______________________________________

      егер тартылсаңыз, неше рет және қашан

      _______________________________________________________________________

      18. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат);

      туберкулез; лепра (Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид; жіті инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа).___________________________

      егер иә, онда қандай түрімен

      19. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)

      ___________________________________________________________________________

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні азаматтығы, тұрғылықты жері)

      _________________________________________________________________________

      20. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны _____________________________

      _________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға "Халықтың көші-қоны туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      ___________________________________________________________________________

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын ______________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      __________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ___________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігіні нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы
2 тамыздағы № 529 бұйрығына
2-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында уақытша және
тұрақты тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
3-қосымшасы
  Нысан
  Бекітемін
Бастық не орынбасары
___________________________
____________________________
(арнаулы атағы)
____________ ___________________
(қолы) тегі, а.ә (бар болса)
20___ жылғы "____" _____________

Адамға азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________,

      (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

      ____________________________________________________________________,

      рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

      БЕЛГІЛЕЙДІ:

      Мыналар:

      өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге себеп болған;

      білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

      өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;

      адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

      балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

      өтініш берушінің мінездемесі;

      азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру үшін негіз

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

      2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

      3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

      ________________________________________ ____________________________

      (лауазымы, арнаулы атағы, қызметкердің (қолы) тегі, аты, әкесінің аты)

      "КЕЛІСЕМІН"

      Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары

      ________________________________________ ____________________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      20__ жылғы "__" ____________

      --------------------------------

      Бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.

      Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және арнаулы атағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы 2
тамыздағы № 529 бұйрығына
3-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында уақытша және
тұрақты тұруға рұқсаттар беру
қағидаларына 6-қосымшасы
  Нысан
  Бекітемін
Бастық______________________
арнаулы атағы)
____________________________
____________________________
(қолы) тегі, а.ә (бар болса)
20___ жылғы "____" _____________

Рұқсатты беру/не дәйекті себептермен бас тарту туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

      БЕЛГІЛЕЙДІ:

      Мыналар:

      өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге себеп болған;

      білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

      егер біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты өтініш берушімен бірге балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі;

      өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;

      адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

      балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

      өтініш берушінің мінездемесі;

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұруға ықтиярхатты жоюға негіздеме.

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Тұруға ықтиярхат беру/ бұрын берілген тұруға ықтиярхаттың күшін жою туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

      2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

      3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

      ________________________________________ ____________________________

      (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің (қолы) тегі, аты, әкесінің аты)

      "КЕЛІСЕМІН"

      Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары

      _______________________________________ _____________________________

      (арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      20__ жылғы "__" ____________

      --------------------------------

      Егер шешім қабылдау құқығы ұсынған орынбасары бекітсе, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және арнайы атағы көрсетіледі.

      Егер біруақытта рұқсатты өтініш берушімен оның кәмелетке толмаған балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі.

      Тұруға ықтиярхатты беруден немесе бұрын берілген рұқсаттың күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.

      Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және арнайы атағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы
2 тамыздағы № 529 бұйрығына
4-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
  Республикасында уақытша және
тұрақты тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
7-қосымшасы
  Нысан
  ____________________________
___________________________
____________________________
(ІІД, ІІБ бөлінісінің атауы)

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат беруден бас тарту

      _________________________________________________шешіммен хабарлаймын

      (шешім қабылдаған органды, күнді және шешім қабылдау нөмірін көрсету)

      _____________________________________________________________________

      Сізге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берілді/ тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылды/ тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі _________________________ (қажет емесін сызыптастау) негізінде ұзартылды. (заңның тармағын, бөлімін, бабын көрсету)

      Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін Сіз__________________________________________________________________

      (ІІД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері

      _____________________________________________________________________

      және қабылдау сағаты, қызметкердің Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      өтініш білдіруіңіз қажет.

      ІІД, ІІБ көші-қон қызметі бөлінісінің (бөлімнің, бөлімшенің) бастығы

      _______________________________________ _____________________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      20__ жылғы "__"____________ М.О.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы
2 тамыздағы № 529 бұйрығына
5-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында уақытша және
тұрақты тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
8-қосымшасы
  Нысан
  Бекітемін
Бастық
____________________________
(арнаулы атағы)
____________________________
____________________________
(қолы) тегі, а.ә (бар болса)
  20___ жылғы "____" _____________

Тұрақты тұруға арналған рұқсатты жою туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________________________________________
________________________________________________________

      (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

      БЕЛГІЛЕЙДІ:

      Мыналар:

      өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге себеп болған;

      білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

      егер біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты өтініш берушімен бірге балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі;

      өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;

      адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

      балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

      өтініш берушінің мінездемесі;

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұруға ықтиярхатты жоюға негіздеме.

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Тұруға ықтиярхат беру/ бұрын берілген тұруға ықтиярхаттың күшін жою туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

      2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

      3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

      ________________________________________ ____________________________

      (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      "КЕЛІСЕМІН"

      Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары

      _______________________________________ _____________________________

      (арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      20__ жылғы "__" ____________

      --------------------------------

      Егер біруақытта рұқсатты өтініш берушімен оның кәмелетке толмаған балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі.

      Тұруға ықтиярхатты беруден немесе бұрын берілген рұқсаттың күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.

      Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және арнайы атағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2017 жылғы 2
тамыздағы № 529 бұйрығына
6-қосымшасы
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында уақытша және
тұрақты тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
9-қосымшасы
  Нысан

ХАБАРЛАМА

      _____________________________________________________________________

      Өтініш иесінің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда),

      _____________________________________________________________________

      ІІД, ҚАІІОБ(б)

      ______________________________________________________________________

      шешімді қабылдаған орган,

      ______________________________________________________________________

                         қабылдаған күні және нөмірі көрсету

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат ____________ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының (тармағы, бөлігі көрсетілсін).____________________________ негізінде шешім қабылданғанын хабарлаймын.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___-бабының __-тармағына сәйкес Сіз Қазақстан Республикасынан күнтізбелік 30 күн ішінде шығуға міндеттісіз.

      Қазақстан Республикасынан шықпаған жағдайда Сіз депортацияға ұшырайсыз.

      ІІД, ҚАІІОБ(б) Көші-қон қызметі басқармасының (бөлімінің, бөлімшесінің) бастығы ________________________________________________________________________________

      арнаулы атағы, тегі, а.ә (бар болған жағдайда), (қолы)

      20__ жылғы "__" _____________ М.О.

      Мөр қойылады.

      Хабарламаны 20__жылғы "__" ____________ алдым

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      __________________

      (қолы)

      _____________________________________________________________________

      хабарламаны ұсынған қызметкердің

      ______________________________________ ______________________________

      арнаулы атағы, тегі, а.ә (бар болған жағдайда) (қолы)

      20__жылғы "__" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады