"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 47 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15688 болып тіркелді

      "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 412 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13104 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес жоғары білімдерінің орта балы 2,67 (В-)-ден төмен емес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен емес) азаматтар қабылданады.

      Кандидатта санаулы бағыттағы мамандығы, оның ішінде техникалық бейіні, арнайы білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі) болған кезде алған жоғары білімі бойынша орта балды оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан төмен емес) 1,0 (D-)-ға дейін төмендетуге жол беріледі.".

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, жалпы орта білімі туралы аттестат қосымшасымен бірге немесе техникалық және кәсіби білімі туралы, не орта білімнен кейінгі білімі туралы диплом қосымшасымен бірге, тестілеу нәтижесі 50 балдан төмен емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, білім алған тілі бойынша оқу сауаттылығы және әрбір бейіндік пән бойынша 5 балдан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша сертификат. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясына оқуға түсетіндер үшін бейіндік пәндер: шет тілі – тарих немесе тарих – "Адам. Қоғам. Құқық". Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясына оқуға түсетіндер үшін бейіндік пәндер: математика – география немесе математика – физика.*".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қағаз және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне қосу үшін жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

      *Ескертпе: бейіндік пәндер: математика – география немесе математика – физика 2017 жылға қолданылады, ал 2018 жылдан бастап және кейінгі жылдары – математика – география.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады