"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 15761 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы 7-бабының 23-7) тармақшасына, сондай-ақ "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 528 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15507 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А. Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық бұйрық ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 250 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 221 бұйрығына 2-қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Шифр

Мамандық атауы

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орын саны

Бөлім 1. Магистратура

Бөлімше 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

1

6М010600

Музыкалық білім

2

2

6М020400

Мәдениеттану

4

3

6М040100

Музыкатану

1

4

6М040200

Аспаптық орындаушылық

11

5

6М040300

Вокалдық өнер

8

6

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

8

7

6М040500

Дирижирлеу

2

8

6М040600

Режиссура

1

9

6М040700

Актерлік өнер

1

10

6М041000

Сценография

2

11

6М041100

Композиция

1

12

6М041200

Операторлық өнер

1

13

6М041300

Кескіндеме

1

14

6М041600

Өнертану

2

15

Барлығы бөлімше бойынша

45

Бөлімше 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

16

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

5

17

6М040600

Режиссура

20

18

6М040700

Актерлік өнер

6

19

6М040800

Эстрадалық өнер

4

20

6М040900

Хореография

2

21

6М041000

Сценография

4

22

6М041200

Операторлық өнер

3

23

6М041300

Кескіндеме

4

24

6М041400

Графика

2

25

6М041500

Мүсін

1

26

6М041600

Өнертану

7

27

6М041700

Сәндік өнер

5

28

6М042100

Дизайн

3

29

Барлығы бөлімше бойынша

66

Бөлімше 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

30

6М040100

Музыкатану

3

31

6М040200

Аспаптық орындаушылық

14

32

6М040300

Вокалдық өнер

2

33

6М040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

9

34

6М040500

Дирижирлеу

5

35

6М041100

Композиция

1

36

6М010300

Педагогика және психология

1

37

Барлығы бөлімше бойынша

35

Бөлімше 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

38

6М040600

Режиссура

2

39

6М040900

Хореография

2

40

6М041600

Өнертану

1

41

Барлығы бөлімше бойынша

5

42

Барлығы бөлім бойынша

151

Бөлім 2. Докторантура PhD

Бөлімше 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

43

6D010600

Музыкалық білім

1

44

6D040100

Музыкатану

3

45

6D040200

Аспаптық орындаушылық

2

46

Барлығы бөлімше бойынша

6

Бөлімше 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

47

6D040600

Режиссура

6

48

6D041600

Өнертану

8

49

Барлығы бөлімше бойынша

14

Бөлімше 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

50

6D042300

Арт-менеджмент

2

51

6D040400

Дәстүрлі музыкалық өнер

2

52

Барлығы бөлімше бойынша

4

53

Барлығы бөлім бойынша

24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады